Мешіттің «Мектепке жолға» көмегі

Жыл сайын тамыз бойы ұйымдастырылатын «Мектепке жол» республикалық акциясынан «Қызылжар» орталық мешіті де қалыс қалған жоқ. Осы мақсатпен мешіттің кіреберісіне қайырымдылық жәшігі қойылды. Бір ай ішінде оған біршама қаржы түсті.

Бұл қаржы жетім және тұрмысы нашар отбасылардан шыққан балаларды қуанышқа бөледі. Атап айтқанда осындай жиырма бір оқушының әрқайсысына мектепке қажетті киім-кешек және оқу құралдарын сатып алуға қаржылай көмек көрсетілді. Олардың ата-аналары мешіттің қамқорлығына алғыстарын арнады.

«Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

DSC00693тDSC00717 DSC00691 DSC00689

Return to Top ▲Return to Top ▲