Меккеге жаяу аттанған жерлесіміз қажылық парызын орындап қайтты

Қажылық парызын өтеуге  Меккеге  жаяу аттанған жерлесіміз Дулат Иманқажы құлшылығын орындап, аман–есен елге оралды.

Естеріңізге салсақ, Астана қаласының 47 жасар тұрғыны 6 шілдеде бас қаладан шыққан болатын. Бірақ Атырауға жеткенде қаржысы таусылып, 1 аптадай кідірген болатын. Сол кезде жергілікті кәсіпкерлер саяхатшының Меккеге жетуіне қаржы жинап берген-ді. Сол тұрған жерде Атырау арқылы оралып, алғыс айтуға уәде берген болатын.

Ол бүгін таңертең Атырау халықаралық әуежайына түсіп, қасиетті мекенге аяқ тигізуге атсалысқан атыраулықтарға алғысын білдірді.

Ақтау арқылы Бакуге, одан әрі Иран мен Кувейт арқылы Меккеге жаяу жетуді ойлаған желаяқ 7 мың жарым шақырым жолдың бес мың шақырымын жаяу жүріп өткен. Қазақстанның 5 облысы мен 4 мемлекет арқылы өтіп, қыркүйекітің 15-нде Сауд Арабиясына жеткен. Спортшы ретінде осы марафон арқылы салауатты өмір салты мен имандылықты насихаттау мақсатымды орындадым, дейді Дулат Иманқажы.

 

Return to Top ▲Return to Top ▲