Маңызды кәсіп иелерінің ауызашары

Ежелгі кәсібіміз – сауда халал, егер оған өсім араласпаса… Бұл жөнінде Құранда айтылған: «Алла сауданы халал өсімді харам етті» («Бақара» сүресі, 275-аят). Ислам саудаға рұқсат берумен бірге оның табыс көзі екендігін атап көрсетті. «Ырыстың оннан тоғызы – сауда мен диқаншылықта. Қалғаны мал асырап сатуда», -деген хадис нақ осы жөнінде. Ендеше сауда – маңызды кәсіп. Дүйсенбі күні облыс орталығындағы «Южный» базарында сауда-саттықпен айналысып жүрген бір топ азамат «Қызылжар» орталық мешітінде ауызашар бергенде ҚМДБ-ның СҚО бойынша өкіл имамы Кенжетай қажы Байкемелұлы айтқан уағызға осының бәрі арқау болды. Мешіттің ішінде де, сыртында да (киіз үйлерде) берілген ауызашарға жиналғандар көп болды.

Ауызашар беріп, сауапты амал жасағандарға кәсіпкер Жомарт Жақсылықұлы, тәжік диаспорасының жетекшісі Анваршох Амиршоев және басқалар игі тілектерін білдірді.

dsc06403

dsc06382

dsc06399

dsc06389

«Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

Return to Top ▲Return to Top ▲