Мамлют ауданына бас имам тағайындалды

         ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бұйрығымен Қанжігітов Рамазан Шерханұлы Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Мамлют ауданының бас имамы болып тағайындалды.

         Бұл орайда, осыдан бірнеше ай бұрын аталмыш ауданның бас имамы қызметін атқарған Қызылжар ауданының бас имамы Шәріп Қадырбек Қуанышұлы «Ықылас» орталық аудандық мешітінде жергілікті жамағатты жаңа имаммен таныстырды.

         «Қызылжар» орталық мешітінің баспасөз қызметі

Return to Top ▲Return to Top ▲