«Ер ел үшiн туады елi үшiн өледi» деген дана бабаларымыз, Ұлы Отанымызға қатер төнген сұрапыл соғыс жылдары ата жолмен ақтық демi қалғанша айқасқан ардагер аталарымыз аз емес. Олар ең алдымен халқын қорғап, ұлты үшiн өз жанындарын майдангерлер едi. Жыл өткен сайын қатары азайып бара жатқан майдангер аталарымыздың есiмдерi бiздiң жүректерiмiзде мәңгi сақталу керек. Отансүйгiш, елiм деген ұлтжанды жастар тәрбиелеу үшiн осы батыр аталарымыздың ерлiгiн баяндап, ақиқатын айту қазiргi заман талабы.
Осы игi бастамамен «Қызылжар» орталық мешiтiнiң бас имамы Дүйсенбай Кенжетай қажы Ұлы Отан соғысы ардагерлерiнiң орталық мешiтте басын қосып, кең дастархан жайып, жиын ұйымдастырды. Сондай-ақ бұл басқосуда облысымыздың Iшкi саясат басқармасынан, Дiн iстер агенттiлiгiнен, ақсақалдар алқасынан арнайы келген тұлғалар құттықтау лебiздерiн бiлдiрдi.
Отырыстың ашылуы Ұлы майданда қаза болған шаһидтердiң рухына Құран бағышталудан басталды. Бiрiншi болып сөз бастаған бас имам Дүйсенбай Кенжетай қажы Отанды қорғау жолында құрбан болған шаһидтердiң Аллаһ алдындағы дәрежесiн айтып, Құран аяттары мен хадис шарифтен мысалдар келтiрдi. Соғыс және тыл ардагерлерiне зор денсаулық, қажымас қайрат тiлеп, елiмiзде бұдан кейiн соғыс алауы тұтанбасын, аналарымыздың көз жасы төгiлмесiн деп дұға жасады.
Отырыс соңында сұрапыл соғыстың қан майданынан оралған ардагер Сұлтан Мұхамеджанов атамыз бүкiл батыр ардагерлердiң атынан бас имамға өз ризашылығын бiлдiрiп, елiмiзге тыныштық пен татулық тiледi.
«Қызылжар» орталық мештiтiнiң баспасөз хатшылығы