«Ислам және біз» тақырыбындағы дөңгелек үстел

Үстіміздегі жылдың 23-сәуірінде  «Қызылжар» орталық мешітінің ұстазы Әділбеков Хамзат Қажымұратұлы Петропавл қаласының №20 мектебінде ұйымдастырылған дөңгелек үстелге қатысып, «Ислам және біз» тақырыбында лекция оқыды. Тақырып аясында өскелең ұрпаққа дін мен дәстүрді қатар ұстанудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ діни білімді қайдан алу керек екенін, еліміздегі діни оку орындар жайында, діни әдеби негіздер турасында сөз қозғады. Әсіресе облыс көлемінде жұмыс істеп жатқан «Қызылжар» орталық мешітінің ресми сайтына  кеңінен тоқталды. Отырыс соңында ұстаздар, оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, діни маманнан төл дініміз ислам жайлы толық мәлімет алды.

20140423_144716

Return to Top ▲Return to Top ▲