Жылдағы дәстүр бойынша

«Қызылжар» орталық мешітінің ұйымдастыруымен ораза сайын ауызашар беруді қалт қылмайтын азаматтар аз емес. Облыс орталығындағы бір мекемеде жұмыс істейтін Құлыбек Амангелдіұлы, Ақылбек Зинатұлы және Данияр Қанатұлы – солардың санатынан.

Олар биыл да «Қызылжар» орталық мешітінің үлкен асханасында ауызашар берді. Онда «Қызылжар» орталық мешітінің наиб имамы Айбек Сайдалин әрбір жанға мейірім шуағын шашатын Рамазан айының қадір-қасиеті хақында уағыз айтты.

dsc06006 dsc06010 dsc05971 dsc05973 dsc05975 dsc05994

«Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

Return to Top ▲Return to Top ▲