Жомарт жандар жәннатқа жақын

Тумысынан жаны жайсаң, жомарт адамды халық та, Хақ та жақсы көреді. Ардақты пайғамбарымыз(с.ғ.с) бір хадисінде: «Қолы ашық жомарт адам – Алла мен адамдарға және жәннатқа жақын әрі тозақ отынан алыс», – деген (Тирмизи риуаят еткен).

Міне, осындай жомарт адамдар кәсіпкерлер арасында да баршылық. Солардың бірі – Жомарт Жақсылықұлы. Сондай-ақ Біржан Шаймерденов та кең пейілімен танылған тұлға. Осы екі тұлға басталған кәсіпкерлер жексенбі күні «Қызылжар» орталық мешітінде ауызашар берді.

Ауызашарға шақырылған Жүсіп Баширов, Зарқын Тайшыбай, Борис Сәбитұлы сияқты ардагерлер сауапты істерден тыс қалмайтын іскер жандарға ізгі тілектерін білдірді. ҚМДБ-ның СҚО бойынша өкіл имамы, «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Кенжетай қажы Байкемелұлы да кәсіпкерлерге табыс тіледі және ораза туралы уағыз айтты.

dsc06850

dsc06826

dsc06829

dsc06831

dsc06834

dsc06835

 dsc06818

dsc06819

«Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

Return to Top ▲Return to Top ▲