“Қызылжар” қалалық мешітіне жаңа наиб имам сайланды. ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Нұрлан Магомедов наиб имамдық қызметіне тағайындалды.
Бүгін қасиетті жұмада жаңа наиб имамды өңірдің бас имамы Хамзат Қажымұратұлы арнайы тағайындап, жамағатпен таныстырды.
Нұрлан Расулұлы Солтүстік Қазақстан облысының тумасы. 1980 жылы 16 қаңтарда дүниеге келген. Ливия мемлекетінің Триполи қаласында орналасқан «Исламға Шақыру» Университетін «Араб тілі және құран ілімдері» мамандығы бойынша тәмамдаған. Кейін 2010 жылы облыстық “Қызылжар” орталық мешітінде азаншы қызметін атқарған.
«Ендігі міндет өңірдің діни ахуалын жақсарту үшін, аянбай қызмет ету», – деді облыстың өкіл имамы Хамзат Қажымұратұлы.