Жарайсыңдар, Қызылжар қажылары!(ФОТО)

Қызылжар қажыларының бесінші парызын орындағандар арасында Қазақстанда бірінші болып ауызашар беруі қасиетті жұма күніне тұспа-тұс келді. «Қызылжар» орталық мешітінің ішіне де (асханасы), сыртына да (ауладағы киіз үйлерге) жайылған көп дастарқан 400-ден артық жамағатты тоғыстырды.      Қажылар қайырымдылықтың үлгісін көрсете білді: ауызашарға Смирнов қарттар үйі мен жетім балаларға арналған облыстық мектеп-интернатының бір топ өкілдері арнайы шақырылыпты. Сондай-ақ бақилық болған қажылардың туыстарының ауызашар дастарқанынан дәм татқандары есте қалатын жәйт.

Ауызашарды ел қажыларының қауымдастығы облыстық филиалының төрағасы Берік Мұқышев кіріспе сөзбен ашты. Саны жүзге жуық қызылжарлық қажылардың сауапты амалына Сапура қажы Әміреқызы, облыстың құрметті азаматы Жақсылық Ысқақов, профессор Зарқын Тайшыбай және басқа да ардагерлер ризашылық білдірді. ҚМДБ-ның СҚО бойынша өкіл имамы, «Қызылжар» орталық мешітінің бас  имамы Кенжетай қажы Байкемелұлы ақ тілегін арнады.

Ауызашар барысында еңбек ардагері Қымбат Исманова өзінің жаңа кітабын қаладағы қазақ мектептерінің оқушыларына тарту етті. қажылардың сый-сияпаты да аз болған жоқ: олар жетім балаларға қомақты қаржы, оған қоса ауызашарға жиналғандарға таспиық сыйлады.

dsc06677

 dsc06638

dsc06642

dsc06650

dsc06655

dsc06663

dsc06664

dsc06666

dsc06686

dsc06689

dsc06634

dsc06635

 dsc06683

«Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

Return to Top ▲Return to Top ▲