ЖАНТ мүшесі Шал ақын ауданында

«Қызылжар» орталық мешітінің жанында құрылған ақпарат-насихат тобының мүшесі «Қызылжар» орталық мешітінің ұстазы Әділбеков Хамзат Қажымұратұлы және «Қызылжар» орталық мешітінің наиб имамы Мустафин Қанат  18-қазанда Шалақын ауданының орталығы Сергеевка қаласында болып, №1 қазақ мектебінде ұйымдастырылған «Имандылық тәрбие негізі» атты дөңгелек үстелге қатысты. Дөңгелек үстелде келесі мәселелер қамтылды:

  • Имандылық ол Аллаға иман келтіру
  • Иманды адам білімді қоғами адам
  • Иманды адам отанын сүйетін адам
  • Иманды адам жанұясын ерекше қастер тұтады
  • Иманды адам кәсіпке, жұмысқа талапты
  • Иманды адам арын, абыройын сақтай білген адам
  • Иманды адам тілімен, қолымен басқаға зиян келтірмейді.
  • Иманды адам айналасына, қоршаған ортаға мейірбан адам
  • Иманды адам қиыншылықтарды жеңе білетін адам

Отырыс соңында оқушылар, ұстаздар тарапынан сұрақтар қойылып дін маманынан тұшымды жауап алды. Мектеп директоры Исина Ырысты Олжабайқызы келген қонақтарға өз атынан алғыс білдіріп, мұндай имани отырыстардың оқушылар үшін өте маңызды екенін, әсіресе қазіргі уақыттағы дәстүрлі идеяларға сәйкес діни ақпараттандыру қажет екенін айтты.

Сол күні Сергеевка қаласындағы өртсөндіру орталығында болып, мекеме  қызметкерлеріне «Отанды сүю иманнан» тақырыбында уағыз айтып,

Сонымен қатар жұма намазына қатысып, мешіт жамағатына «Тәрбие негізі Ислам» турасында уағыз айтты.

«Қызылжар» орталық мешітінің

баспсөз қызметі

0f573390-2a6f-49d1-8a40-2a3f3a344e2e 90e2067d-dae5-4fca-a148-28c7061bce33 c6b07e4b-ebd9-4bb8-9bcd-e409db21dd36 fe4df6b4-42c2-4574-81f5-15b1a3e24a2d

Return to Top ▲Return to Top ▲