ЖАМАҒАТ БАРААТ ТҮНІНЕ ЖИНАЛДЫ

Қасиетті түндердің бірі – Бараат түні. Бұл кеш рақымдылық есіктері ашылып, дұғалар қабыл болатын төрт түннің бірі. Осы күннің құрметіне орай «Қызылжар» орталық мешітінде дастарқан жайылып, жамағатқа уағыз айтылды. Бас имам Кенжетай қажы Байкемелұлы жиналғандарға «Бұл түні жасаған күнәлары үшін тәубе етіп, ардақты Пайғамбарымызға (с.а.с.) сәлем мен салауат айтып, уақытын босқа өткізбей Құран оқып. Құран оқуды білмесе, оқылған Құранды тыңдау да сауап болмақ», деді. Сондай-ақ, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) бараат түні жайлы айтқан халадисін мысалға келтірді: «Шағбан айының он бесінші түні құлшылыққа тұрыңдар. Сол түннің күндізін ораза ұстаңдар. Себебі, ол түні күн батқанға дейін Алла Тағала аспан қабатына жақындап, таң атқанға дейін: «Менен кешірім сұраған бар ма? Кешірім етейін. Менен ризық сұраған бар ма? Оған ризық берейін. Қиыншылыққа душар болғандар бар ма? Оны қиыншылықтан құтқарайын» – деп таң атқанға дейін бұйырады». Алла Тағала Бараат түніндегі тілектеріңізді, құлшылықтарыңызды қабыл етіп, сауаптан жазсын!

«Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз қызметі.

DSC03661.jpg (640×360)

DSC03675.jpg (448×252)

Return to Top ▲Return to Top ▲