Есіл ауданы Көбеш ауылындағы Мәуліт

СҚО, Есіл ауданы, Николаевка ауылы «Көбеш» мешітінің ұйымдастыруымен жергілікті «Қарабұлақ» дәмханасында Мәуліт өтті.  Бұл игі шараға Әбілмажинов Болат, Сатыбалдин Әбілтай, Қалықов Қайрат деген азаматтар демеушілік жасады. Мәулітке Асқар Егібаев атындағы орта мектеп директоры Шакенов Қанат Серікұлы, «Қызылжар» орталық мешітінің Бас имамы Дүйсенбай Кенжетай Байкемелұлының тапсырмасымен, наиб имам Исаев Қасымхан қатысты. Шара барысында Пайғамбарымыз(с.ғ.с.)ға салауат айтылып, мәуліт оқылды. «Қызылжар» орталық мешітінің наиб имамы Қасымхан Абдоллаұлы ауыл жұртшылығын қасиетті мерекемен құттықтады.Мектеп оқушылары діни өлеңдер шырқап, термелер,  айтылды.Мереке соңында жамағатқа ас беріліп, демеушілік жасаған азаматтар алғыс хатпен марапатталды.

20160131_114602 20160131_112909 20160131_112950 20160131_114535 20160131_115537 20160131_124224 20160131_130138 20160131_135502 20160131_135653 20160131_135444

Return to Top ▲Return to Top ▲