Еліміздің екі шәкірті халықаралық Құран жарысына қатысты (ФОТО)

Кувейт мемлекетінде өткен халықаралық Құран жарысына әлемнің 60-тан аса елінен 120-дан астам қари-хафзидар бақ сынасты. Әлемдік деңгейдегі сайысқа ҚМДБ-ның діни білім және ғылым бөлімінің ұсынысымен Оңтүстік Қазақстан облысының «Ықылас» қарилар дайындау орталығының шәкірттеріде қатысты.

Сайысқа еліміздің атынан барған Жүсіпұлы Бекзат және Нағманов Алиқожа атты шәкірттер ынталандыру сыйлығына иеленіп, тәжірибе жинап қайтты.

Жарысқа қатысушылар Құран аяттары мен сүрелерін жатқа оқыды. Сондай-ақ, әр қатысушы Құран мәтінінің көркем оқу бойыншада сынға түсті.

Құранды жатқа оқудан 1- ші орын Ливан, 2- ші орын Сауд Арабия, 3- ші орын Америка Құрама Штатына бұйырды.

ҚМДБ баспасөз қызметі

muftyat.kz

_201604_123551 _201604_123552 _201604_123554 ________002 _201604_123550 ________001 _201604_123553

«Қызылжар» орталық мешітінің 

баспасөз қызметі

Return to Top ▲Return to Top ▲