Дұғаның кереметі: Оқ тимеген батыр Бигелдинов (ВИДЕО)

Талғат Жақыпбекұлы Бигелдинов – Авиация генерал-майоры, Кеңес Одағының екі мәрте батыры, «Барыс» орденінің иегері.Батыр Т. Бигелдинов КТК телеарнасының «Жүрекжарды» бағдарламасына берген сұхбатында әр рет соғыс майданына кірерде дұға оқып, Алладан амандық тілейтіні  жайлы әңгімелеп берді.

От пен оқтың арасында жүрсе де Жаратушыны ұмытпаған батыр Алланы жоққа шығарып, жаппай атеистікке бет бұрған қоғамда өмір сүрсе де ата-бабадан қалған асыл дінді жадынан шығармаған.

23 жасында Кеңес одағының 2 мәрте батыры атағын алған Бигелдинов аэроклубта тамаша тәжірибеден өтіп, ұстаздарының оң көзіне түседі. 1940 жылы Саратов әскери-авиация мектебіне оқуға жіберілген Талғат ондағы қатаң сұрыптаудан аман-есен өтеді. Әскерилер арасында «ұшқыш танк» деп аталып кеткен «Илюша» ұшағымен 1942 жылы майданға аттанады. Көк жүзінде 500 сағаттан астам ұшып, 305 рет әскери шабуылға шыққан батыр Берлинді алуға бірінші болып қатысқан.

Фашистер өздеріне аяусыз өлім оғын сепкен Талғат мінген ұшақты «Қара ажал» деп атаған.

Соғыстан кейін де батыр Бигелдинов елдің дамуы мен өркендеуіне өлшеусіз үлес қосты. 1957 жылдан 1970 жылға дейін азаматтық авиацияны басқарып, Алматы, Ақмола, Арқалық, Қызылорда, Қарағанды, Тараз сынды көптеген қалаларда аэропорт салу ісіне басшылық еткен.

1968 жылы Мәскеу инженерлік-құрылыс институтын бітіріп, мемлекеттік құрылыс саласында да қызмет атқарып, әсіресе, Алматыдағы небір тамаша зәулім ғимараттардың бой көтеруіне атсалысады.

Muftyat.kz

Return to Top ▲Return to Top ▲