«Дін Мұхаммад» мешітіне жаңа имам тағайындалды

Қызылжар қаласындағы көне мешіттердің бірі «Дін Мұхаммад» мешіті ҚМДБ-ның филиалы болып тіркелген болатын. Енді, міне, ҚМДБ-ның төрағасы бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бұйрығымен аталмыш мешіттің бас имамы тағайындалып отыр.

Осыған орай ҚМДБ-ның СҚО бойынша өкіл имамы Кенжетай қажы Байкемелұлы бас имам болып тағайындалған Рафик Габдулхаевич Мусинді «Дін Мұхаммад» мешітінің жамағатына таныстырып, оған сәттілік тіледі.

Алла үйінде қызмет атқару – зор аманат, оны абыройлы орындау салмақты міндет екендігін атап көрсете келіп, жамағаттың ынтымақтастығына ықпалын тигізетін шаралар ұйымдастыру, дәстүрлі дін құндылықтарын насихаттау қажет, деді.

Өкіл имам қазіргі діни ахуал туралы көлемді уағызынан кейін жұма намазын  өткізді.

 «Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

dsc03494

dsc03496 

773729a4-50ed-4ada-80bd-caae2f998224-%d0%ba%d0%be%d0%bf%d0%b8%d1%8f

dsc03513

Return to Top ▲Return to Top ▲