Дін лаңкестікке қарсы

«Қызылжар» орталық мешітінің жастар бөлімінің ұйымдастыруымен облыс орталығындағы Шухов атындағы қалалық кітапханада нақ осындай тақырыпта кездесу өткізілді. Мектеп оқушылары қатысқан кездесуді кітапхана директоры Т.Сарычева кіріспе сөзбен ашты. Содан соң орталық мешіттің наиб имамы Айбек Сайдалин аталмыш тақырыпта хабарлама жасады. Оның сөзін облыстық ішкі істер департаментінің қызметкері Спартак Рамазанов толықтыра түсті. Кездесу соңында оқушылардың сұрақтарына жауап қайтарылды.

«Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

IMG_9140

Return to Top ▲Return to Top ▲