Біз терроризмге қарсымыз

Ақжар аудандық «Үлкен-Қарой» мешітінің Бас имамы Тұрлыбеков Азамат Бестерек  ауылының  9 -11сынып  оқушыларымен  «Біз терроризмге қарсымыз» атты тақырыпта кездесу өткізді. Жиын барысында Ислам дінін  жамылып жүрген ағым секталардың әрекеттері туралы әнгіме өрбітіп әртүрлі жат пиғылды ағым, секталардың жетегінде кетуден сақтандыру жолдары  туралы айтты. Хақ дініміз – Исламды тек мешіттерден және сенімді, білімді адамдардан ғана үйрену керектігін атап өтті. Әлемде болып жатқан түрлі келеңсіздіктер орын алып жатқан заманда,  еліміздің келешегі бүгінгі жас буынға теріс жолдардан сақтану,  отансүйгіштікке, имандылыққа бағыттау жайында айтты. Кездесу барысында  ата-бабаларымыздың  сан мыңдаған жылдар бойғы өмір тәжірибесімен сұрыпталып келген төл мәдениетіміз,  салт-дәстүріміз әдет-ғұрпымызды сақтау турасында өрбіді. Жиын соңында оқушылар тарапынан   койылған сауалдарға   толыққанды  жауап  беріліп, шәкірттер жағы өкіл имамның  әңгімесіне алғыстарын білдірді.

АҚЖАРАҚЖАР ауданы

Return to Top ▲Return to Top ▲