Боз кілемде – қызылжарлық балуандар

Спорт Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) бір сүннеті болып табылатындықтан, мешіт жамағаты арасында жарыстар ұйымдастыру, соның ішінде қазақ күресінен турнир өткізу дәстүрлі сипат ала бастады. ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының жүлдесі үшін қазақ күресінен III республикалық турнирдің алдағы дүбірі, міне, осының айқын дәлелі.

Осы турнирге  іріктеу сайысы «Қызылжар» орталық мешітінің ұйымдастыруымен Солтүстік Қазақстан облысында өткізілді. Оған қатысқан әр ауданның балуандарын ҚМДБ-ның СҚО бойынша өкіл имамы, «Қызылжар»  орталық мешітінің бас имамы Кенжетай қажы Дүйсенбай құттықтап, сәттілік тіледі.

Отызға жуық балуанды тоғыстырған дода тартысқа толы болды. Нәтижесінде 60-тан 74 кг дейінгі салмақта бірінші орынды Ақжар ауданынан – Мәдиқажы Айғали,екінші орында Тайынша ауданынан – Касенов Қайрат, ал 74-тен 90кг бірінші орынды Тайынша ауданынан – Шоқан Әлжан, екінші орынды Шал ақын ауданынан Касенов Думан иеленді. Оларға медальдар мен грамоталар ғана емес, қасиетті Құран да  табыс етілді.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлер Республикалық турнирге жолдама алды.

Жарыстың соңында «Қызылжар» орталық мешіті сайысқа қатысқан бүкіл балуандарға ас берді.

«Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

image-27-04-16-22-22-14 image-27-04-16-22-22-6 image-27-04-16-22-31-30 image-27-04-16-22-30-13 image-27-04-16-22-31-24 image-27-04-16-22-32-9 DSC08486 DSC08500

 

image-27-04-16-22-21 image-27-04-16-22-21-1 image-27-04-16-22-21-2 image-27-04-16-22-21-5 image-27-04-16-22-21-9 image-27-04-16-22-21-11

Return to Top ▲Return to Top ▲