БИЫЛҒЫ ЖЫЛЫ ЕЛІМІЗДЕ 191 МЫҢ АДАМ ҚАН ТАПСЫРҒАН

2016 жылдың қаңтар мен қараша айларының аралығында Қазақстанның қан қызметі 171 мың 98,1 литр қан немесе құрамында 208 мың 300 дозадағы эритроциттер, 265 мың 600 дозадағы плазма, 33 мың 15 дозадағы тромбоциттер, 9 мың 400 дозадағы криопреципитаттар бар 516 мың 315 қан мөлшерін дайындады.

 Аталған кезеңде медициналық ұйымдарға 153 мың 237 дозадағы эритроциттер, 130 мың 820 дозадағы жаңа мұздатылған плазма, 30 мың 400 дозадағы тромбоциттер  өткізілген.

Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі таңда республикада қан қызметі саласында 18 ұйым жұмыс істейді:  Трансфузиология ғылыми-өндіріс орталығы, Республикалық қан орталығы,16 облыстық қан орталықтары, Алматы мен Семей қалалық қан орталықтары.+

muslim.kz сайтынан
Return to Top ▲Return to Top ▲