Берекелі кездесу

СҚО, Мамлют қаласының «Ықлас» мешітінің ұйымдастыруымен, жастар ісі бөлімінің жоспарына сай, жергілікті әкімшілік ғимаратында және мешіттің қабырғасында жас мамандармен кездесу өткізілді. Алдымен ат басын тіреген облыс мешітінің наиб имамдары Аян Алыпқашев пен Айбек Сайдалин «Ықлас» мешітінің тыныс тіршілігімен және жамағатпен жүздесіп,  кейін жергілікті әкімшілікте қызмет жасап жүрген жас мамандармен сұхбаттасты. Діни басқарманың тұғырнамасын алға қойып, мұсылманның бейнесі жайында кеңінен түсінік берілді. Кездесуді ұйымдастырған Мамлют қаласының бас имамы Рамазан Қанжигитов өз кезегінде, болашақ жастарды дін мамандарынан ілім алуға кеңес беріп, алдағы кезде мешіт қабырғасынан білімін көтеруге шақырды.

«Қызылжар» орталық мешітінің 

баспасөз қызметі

Return to Top ▲Return to Top ▲