Белгілі ғалым -Талдықорған өңіріне уағыз жүргізді

Алматы облысы, Талдықорған өңіріне  исламтанушы ғалым, РАНТ мүшесі Арман Қуанышбаев ұстазымыз 3 күдік уағыз-насихатқа келді.

Алғашқы боолып, Талдықорған орталық «Иман» мешітіде жұма уағызын жүргізді. Аталмыш жұманың  ақшам намазы мен құптан намазы аралығында  жиналған қауымға тағылымды насихат айтып, жамағаттың көкейлерінде жүрген түрлі сұрақтарына жауап берді.

Сонымен қатар, Көксу, Кербұлақ, Панфилов аудандарына арнайы ат басын бұрып, тартымды уағызымен жамағатты сусындатты.

Өңірдің орталық мешіті және аудан мешіттерінің  жамағаттары Арман ұстазбен өкіл имам Серікхан қажыға  алғыстарын айтып, ғалымдардың жамағатпен кездесулерінің жиі-жиі болуын тілеп, қуанышпен тарқасты.

Талдықорған өңірі бойынша баспасөз қызметі

Return to Top ▲Return to Top ▲