БАС МҮФТИДІҢ УАҒЫЗЫ

Еліміздің Бас мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлы Солтүстік Қазақстан облысына сапары барысында «Қызылжар» орталық мешітіне жиналған жамағатқа дін  уағызын оқыды. Жиналған қауымға Ислам дінінің адам баласын үнемі тазалыққа, адалдыққа шақыратынын, Алла тағала дүниедегі бүкіл жа­ратылыстарға опалы болуға үндейтінін айтты. 

Ержан қажы Малғажыұлының келгенін естігендер уағыз естуге арнайы келіп, жұма намазына қатысты.

 «Қызылжар» орталық мешітінің баспасөз қызметі.

Return to Top ▲Return to Top ▲