Ақтүйесайда Мәуліт өтті

Уәлиханов ауданы Ақтүйесай ауылында Мәуліт мерекесі өтті. Мерекеде Құран оқылып, салауат айтылды. Мектеп оқушыларының орындауында діни әндер шырқалды. Уәлиханов аудандық «Қожахмет хазрет» мешітінің бас имамы Өсербай Шәкенов жиылған жамағатты мерекемен құттықтап, пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өмірі, Мәуліт мерекесінің маңызы жайында ой шертті. Мереке көкпар және атжарыс ойындарымен жалғасын тапты. Шара соңында жамағатқа ас берілді.

«Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

img_6510 img_6512 img_6508 img_6513 img_6536 img_6549

img_6559

 

Return to Top ▲Return to Top ▲