Ақжар аудандық жастарымен кездесу

«Ел болашағы жастардың қолында» демекші, Ақжар ауданы «Үлкен-Қарой»  мешітінің және аудандық «Жастар» ұйымының  ұйымдастыруымен жастармен  кездесу өткізілді. Оған  Талшық ауыл жастары, 11 сынып мектеп окушылары және  мекемелерде  жұмыс істейдін жастар, аудандық «Нұрлы ел» газет редакциясының өкілдері катысты.  Кездесу барысында Ақжар аудандық «Үлкен-Қарой» мешіттің Бас имамы А.Б.Тұрлыбеков жиылған жастарға «Біз Экстремизм  террорезимге қарсымыз » тақырыбында және  діни ағым секталар жайылы кеңен уағыз айтып,  казіргі коғамдағы келеңсіз жайыттардан насихат айтылды. Және де жастарға  отбасы, тәрбие,  ата-ана алдындағы мұсылмандық мінтет жайылы уағыз айтылды. Жиын  соңында жастар имамға көкейде жүрген сауалдарын қойып, нақты жауаптарын алды.

«Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

7898900-=-- 7788890-0-

Return to Top ▲Return to Top ▲