АХУАЛ – АЙРЫҚША НАЗАРДА

Облыс әкімінің орынбасары Анархан Дүйсенованың жетекшілігімен өткен жиналыста өңірдегі діни ахуал сөз болды. Жиналысқа«Қызылжар» орталық мешітінің найб имамы Қасымхан Абдоллаұлы қатысты. Мешіттің жамандықтың алдын алуға бағытталған жұмыстары бір төбе. Жастар арасынан адасатындардың көптігірас. Мектептермен, этно- мәдени орталықтармен, кітапханалармен тығыз байланыс орнаттық, – деді «Қызылжар» орталық мешітінің найб имамы Қасымхан Исаев жергілікті тілшілерге. Сондай-ақ, РАНТ мүшелерінің өңірімізге сапары барысы туралы да айтып өтті.
Қоғамдағы өзекті проблемалармен бірлесе күресу қажет, деп шешті жиынға қатысушылар. Сондықтан «Дінтану негіздері»сабақтарының сапасын көтеріп, елімізде қызметіне заңдық тұрғыдан тыйым салынған жат ағымдарды халыққа түсіндіру, жұмыссыздар арасында ақпарттық насихат жүргізу әрі қарай да жалғасатын болады.

«Қызылжар» орталық мешітінің
баспасөз қызметі.

Return to Top ▲Return to Top ▲