Ауылда жаңа мешіт бой көтерді

Ғ.Мүсірепов аудандық Сарыбұлақ ауылында жаңа мешіт пайдалануға берілді.  Мешіттің ашылу салтанаты  аудан имамы Сейфулла Байсенбаевтың Құран оқуымен ашылды. Жиылған жамағатты Солтүстік Қазақстан облысының өкіл имамы Кенжетай қажы Байкемелұлының атынан «Қызылжар» орталық мешітінің наиб имамы Қасымхан Абдуллаұлы құттықтады. Бұл ауылда мешіт бұрын соңды болмаған еді. Имандылық үйінің құрылысы Тұрлыбек Біләлұлының демеушілігімен жүргізілген. Ауыл жамағаты демеушілер мен имамдарға өз алғыстарын білдірді.

ef729adc-18fa-41e7-9204-1345bb16f514

226fe24f-2dab-4207-8ab9-696cc407164b

4900fdda-18c2-4c62-8c76-7f58c23dd518

ab949a7a-3a83-4ab0-a48a-053c13b134d3

«Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

Return to Top ▲Return to Top ▲