Алыс ауданда тойланды

Діни шаралар ұйымдастыру жағынан белсенді мешіттердің бірі – Уәлиханов ауданының орталығындағы «Қожахмет Хазрет» мешіті. Жыл басталғалы бері толассыз өткізіліп жатқан Мәуліт мерекесінің кезегі осы ауданға да келіп жетті.

Аудандық мәдениет үйінде өткізілген Мәуліт дәстүр бойынша аят оқумен басталды. Алдымен мерекеге қатысушыларды аудан әкімі Аман Төрегелдин құттықтады. Одан соң «Қызылжар» мешітінің бас имамының атынан наиб имам Қанат Мұстафин мерекелік лебізін білдірді.Мерекенің мәйегі болып табылатын Мәуліт оқылды. «Қызылжар» мешітінің ұстазы Хамзат Әділбеков пайғамбарымыздың (с.ғ.с) туған күніне қатысты уағыз айтты.

Әрине мерекенің сәні марапат. Бұл күні аудандық мешіттің құрылысына қол ұшын берген азаматтар алғыс хаттарға ие болды.

Мәуліт соңы аудан өнерпаздарының концертіне ұласты. Одан соң мешіт асханасында ас берілді. Онда мәуліттің қорытындындысы ретінді Құран бағышталды.

«Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

img_6592 img_6597img_6610 img_6596 img_6605 img_6615

Return to Top ▲Return to Top ▲