Айыр қалпақты ағайындардың ауызашары

Алатаудың ар жағынан келген айырқалпақты ағайындар – қырғыз диаспорасы сан жағынан көп емес. Соған қарамастан олар мешіт шараларына жүйелі түрде қатысып келеді.  Өткен сәрсенбі күні олардың мешітімізде ауызашар беруі – осының айқын айғағы. Оған қатысқан ҚМДБ-ның СҚО бойынша өкіл имамы Кенжетай қажы Байкемелұлы ауызашарда Рамазан айының қадір-қасиеті жайында уағыз-насихат айтты. Сондай –ақ  ұлтаралық татулыққа жылы лебізін білдірді. Онда қырғыз диаспорасының жетекшісі Мейрамбек Болтуруков және өзге де диаспоралардың өкілдері игі тілектерін жеткізді.

«Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

DSC09942 DSC09926  DSC09932 DSC09938  DSC09944 DSC09966

Return to Top ▲Return to Top ▲