Айыртау ауданындағы кездесу

Айыртау ауданы Саумалкөл қазақ  орта мектебінің 9,10-сынып оқушыларымен 8 наурыз халықаралық әйелдер күні мереке қарсаңында «Адамдық – ақылда, сұлулық – жүректе» атты тақырыпта аудандық «Қайрөш» мешітінің бас имамы Сағынай қажымен кездесу болып өтті. «Қыздарым, сенің ұятың – ұлтыңның намысы!» деген аталы сөз қыз тәрбиесіне орай айтылса керек. Ұясынан ұшқан құс қиясына абыройлы қонса, ол артындағы ата – анасына мерей әкеледі деп Сағынай қажы сөзін бастады. Қыз бала тәрбиесі қашанда мәнді екенін айтып өтті.

Қыздар Сағынай қажының әр айтқан сөзінен жақсы әсер алды. Сонымен қатар сұрақтар қоя отыра  қыздар қыры мен сыры көп, көркі мен ақылы, парасаттылығымен құдірет деуге бір күнмен ғана шектеуге болмайтынын түсінді.

22.jpg (640×360)

Return to Top ▲Return to Top ▲