Айыртаудағы үгіт-насихат жұмыстары

Үстіміздегі жылдың 14-15 мамыр аралығында «Қызылжар» орталық мешітінің ұстазы Әділбеков Хамзат және наиб имам Қайыргелді Руслан Айыртау ауданындағы мектептерде уағыз-насихат жұмыстарын жүргізді.

Атап айтқанда, Саумалкөл селосында орналасқан №1, №2 мектепте, Саумалкөл селосының кәсіби техникалық коледжінде, Мәдениет, Имантау, Карасевка, Кұмтөккен ауылдарының қазақ орта мектептерінде болып, оқушылар, ұстаздармен кездесті.

Бұл шараның негізгі мақсаты – ауыл жастарына келешекте студенттік өмірде  кездесетін жағымсыз қылықтарға, ішімдікке, нашақорлыққа әуестеніп кетпеуге үгіттеу.

Сондай-ақ кездесу барысында дін қызметкерлері өскелең ұрпақты жат ағым өкілдерінің ықпалына түспеуге үгіттеді және олардың негізгі белгілері жайында сөз қозғалды.

 

Return to Top ▲Return to Top ▲