Үстіміздегі жылдың 14-15 мамыр аралығында «Қызылжар» орталық мешітінің ұстазы Әділбеков Хамзат және наиб имам Қайыргелді Руслан Айыртау ауданындағы мектептерде уағыз-насихат жұмыстарын жүргізді.
Атап айтқанда, Саумалкөл селосында орналасқан №1, №2 мектепте, Саумалкөл селосының кәсіби техникалық коледжінде, Мәдениет, Имантау, Карасевка, Кұмтөккен ауылдарының қазақ орта мектептерінде болып, оқушылар, ұстаздармен кездесті.
Бұл шараның негізгі мақсаты – ауыл жастарына келешекте студенттік өмірде кездесетін жағымсыз қылықтарға, ішімдікке, нашақорлыққа әуестеніп кетпеуге үгіттеу.
Сондай-ақ кездесу барысында дін қызметкерлері өскелең ұрпақты жат ағым өкілдерінің ықпалына түспеуге үгіттеді және олардың негізгі белгілері жайында сөз қозғалды.