ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ МАРАПАТТАДЫ

       Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ Департаментінің басшылығы 2022 жылдың жұмыс қорытындысы бойынша өзара іс-қимыл, адал еңбек және қылмыстық атқару жүйесінің қызметіне белсенді қатысқаны үшін Солтүстік Қазақстан облысының Бас имамы Әділбеков Хамзат Қажымұратұлы «Қазақстан полициясына 30 жыл» естелік төсбелгісімен наградталды.

       Сонымен қатар жыл бойы атқарған жемісті еңбегі үшін облыстық «Қызылжар» орталық мешітінің наиб имамы Жұмажанов Мақсат Аманжолұлына да арнайы СҚО бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаменті бастығының м.а. полиция генерал-майоры алғыс хат берді.  

<div class="clearfix"></div>

        «Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақыт тілей отырып, игі істеріңіз қашан да оңға басуына тілектеспін,» – деді СҚО бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаменті бастығының м.а. полиция генерал-майоры.

Return to Top ▲Return to Top ▲