Ақжар аудандық мәуліт рухани кешінде Умра қажылығы тарту етілді

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданында пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) туған айының құрметіне орай рухани мәуліт кеші болып өтті. Кешке арнайы Солтүстік Қазақстан облысы «Qyzyljar» қалалық мешітінің Бас имамы Қасымхан Абдуллаұлы келіп қатысты. Жиналған қауымға құттықтау сөз айтып, уағыз-насихат жүргізді.

Кеш барысында Убайдулла қари мәуліт шариф оқыды. Сонымен қатар облыстық С. Мұқанов атындағы театрдан барған актерлар арнайы көрермендер үшін әсерлі қойылымдар қойды.

Рухани кештің ең бір жарқын тұсы – жамағат арасынан төрт адамға Умра қажылығы тарту етілді. Үш шаруашылық басшыларының қолдауымен берілген Умра қажылығы қабыл болып, себепші жандарға сауаптан болғай, ин ша Алла.

<div class="clearfix"></div>

Return to Top ▲Return to Top ▲