Бескөл ауданында берекелі мерекелік кеш өтті

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы Бескөл ауданының мәдениет үйінде Мәуліт кеші өтті. Кеш басында «Көркем мінездердің кемелі» атауында бейнеролик көрсетіліп, ұстаздық қызметтегі Мухаммадсолих пен имам Мухаммад мәуліттің арабша-қазақшасын оқыды.


Рухани кешті салтанатты түрде бастау үшін сөз Солтүстік Қазақстан облысының Бас имамы Хамзат Қажымұратұлына берілді. Бас имам көпшілікті көркем мінезде үлгі болған пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) мәулітімен құттықтап, жақсы тілек білдіріп, уағыз-насихат айтты.
Аудан орталығынан мәслихат хатшысы мәслихат құттықтауын жеткізді.Кеште рухани ән-шашу болды.
Мерекелік кештен соң, жұма намазы өткізіліп, Хамзат Қажымұратұлы жұма уағызын айтты. Содан соң, Құран оқылып, жалпы жұртқа жан тыныштығын сыйлады. Атаулы мерекелік, рухани кештен кейін жамағат жақсы әсермен тарады.

Return to Top ▲Return to Top ▲