Зинадан пайда болған балаға түсік жасату дұрыспа?

  • 158 рет оқылды
  • Әссәләму аләйкум уа рахматуллаһи уә бәрәкәтуһ құрметті Жамағат, Оқырмандар! 

    Барлық мақтау Алла Тағалаға тән. Мақтауға Алладан басқа ешкім лайықты емес. Пайғамбарымызға сансыз салауаттар мен Алланың игіліктері болсын. 

          Мұсылманның Алла Тағала алдындағы дәрежесін түсіретін күнәлардың  бірі түсік жасату (аборт) бұлда адам өлтіру болып саналады. Бұған Құран Кәрімдегі мына аяты дәлел болады.

    وَمَن يَقْتُلْ مُؤْمِنًا مُّتَعَمِّدًا فَجَزَآؤُهُ جَهَنَّمُ خَالِدًا فِيهَا وَغَضِبَ اللّهُ عَلَيْهِ وَلَعَنَهُ وَأَعَدَّ لَهُ عَذَابًا عَظِيمًا

    «Кімде-кім бір мүмінді қасақана өлтірсе оның жазасы тозақта мәңгі қалу. Аллаһ оған қатты ашуланады, оған лағынет айтып және үлкен азап дайындайды» (Ниса, 93) делінген. (1)

    Яғни адам зина жасады, күна жасады бірақ ішке біткен адамды өлтіруге мүлдем қақысы жоқ. Құрсақтағы бала мына өмірге жауапты адам емес, ол қандай жағдайда туылсада өмірге келуі керек. Өйткені оныңда тірі адам секілді ақысы бар шариғатта. Шариғатта тек бір жағдайда ғана құрсақтағы баланы алдыруға рұқсат береді егер бала анасының өміріне қауіп төндіретін болса, яғни бірнеше дәрігерлер талдау жасап соңында қорытындылап айтатын болса мына бала Сіздің өміріңізге қауіп төндіреді егер түсік жасатпасаңыз өліп кету немесе мүгедек олып қалуыңыз мүмкін десе. Өйткені мына жерде таңдау тұр, ананың өмірі іштегі балаға қарағанда жоғары тұрады.

    Пайғамбарымыз Мұхаммад (с.ғ.с)заманында «Ғаамид» руынан бір әйел зина жасап, жүкті болып қалады. Әйел өзі пайғамбарға келіп, тазартуын сұрайды (яғни, шариғат жолымен жазалануын). Алғашында Пайғамбарымыз(салаллаһу ьәләйһи уә сәллам) оған «бар, тәубе етіп, Алладан кешірім тіле» деп, өтінішін қабыл етпейді. Бірақ, әйел жүкті болып қалғанын айтқаннан соң, Алла елшісі(салаллаһу ьәләйһи уә сәллам) босанғаннан кейін келуін бұйырады. Арадан уақыт өтіп, әлгі әйел босанады. Жаңа туған баланың емізілуін, бағып-қағылуын ансарлар ішінен бір сахаба өз мойнына алады. Ақырында әйел шариғат бойынша жазаланады. (2)

    Осы хадистен де байқағанымыздай, Пайғамбарымыз (с.ғ.с) зинадан туған баланы алдырып тастауға немесе туылмай жатып әйелдің өтінішін орындауға рұқсат бермеді. Керісінше, іштегі баланың аман-есен дүниеге келуін күттірді. Өйткені, зинадан біткен баланың бұл жағдайда еш күнәсі жоқ. Ол да Алланың пендесі. Оның өмір сүру құқын шектеуге ешкімнің қақысы жоқ.

    Бір күні Пайғамбарымыз (с.ғ.с) айналасындағы жастарды жинап былай деп айтты: Ей құрайыштың жастары! Ұятты жерлеріңізге өте сақ болыңыздар, зинаға бармаңыздар біліңіздер егерде кімде-кім ұятты жерін сақтап зинаға бармаса оған сөзсіз Алланың жәннатына лайық болады деді.

    Жастық шақтың кезінде күш жігердің барында сезімге немесе бала махаббатқа алданып зинаға бару үлкен бір күнә және түсік жасату екінші үлкен күнә яғни күнәсын жасап жаңағы жігіт ал енді сау бол деп жатса екеуін үйлендіру керек кім ол соншама? Сондай-ақ халықтың алдында қыздыңда абыройы сақталуы керек ал егер үйлендірмесе және қыз аборт жасатса жігітте қызда және екі жақтың ата-анасыда жауапты яғни күллісі жауап береді жаңағы түсікке.

    Әрбір мұсылман адам өз-өзінен ұялуы, бұл өз ар-намысын сақтау арқылы болады, адамның өзгеден ұялуынан қарағанда, өзінен ұялуы маңызды. Орыс әдебиетінің жазушысы, ағартушы, Лев Николаевич Толстой.

    «Ұялу – жақсы сезім, ең жақсысы – өзіңнен өзің ұялу».

    Ибн Масуд (р.а.) риуаят етеді:

    إنّ ممّا أدْرَكَ النَّاسُ مِنْ كَلامِ النّبوةِ اْلألَى إِذا لَمْ تَسْتَحِى فَاصْنَعْ ما شِئْتَ

    Мағынасы: «Адамдарға алғашқы пайғамбарлықтан жеткен сөздердің бірі: ұятың болмаса, білгеніңді істе»  (3)

    Сөзімізді қорытындылар болсақ, иманның бөлігі болған ұят. Ұят кеткен жерден қалаған нәрсені күтуге болады.  «Ұялмасаң қалағаныңды істе» бұл сөз алдыңғы өткен Пайғамбарлар мен Алланың сүйікті құлдарының ортақ сөзі. Алла елімізді ұяттан кем етпесін!

    1. Ниса, 93
    2. Сахих Мүслим – Китабуль худуд, №3213
    3. Сахих Бухари


    Мағжан Жұмабаев                                                                    Сайдалин А.О.

    ауданы «Береке» мешітінің

    бас имамы

    Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

    Оставить комментарий

    Return to Top ▲Return to Top ▲