Бүгін «Нұр-Мүбарак» университетіне Францияның танымал журналисті Катрин Верже ханым арнайы зиярат жасады. Отыз жылдық тәжірибесі бар француз телерепортері өзінің Қазақстан жайлы репортажында Ислам діні туралы да қосу үшін „Нұр-Мүбарак„ университетімен толығырақ танысуды көздеген. Университет проректоры, прфоссор Шамшәдин Керім мырзаның арнайы қабылдауында болған Катрин ханым әңгімені университеттегі студенттер саны мен тарихынан бастады. „Қандай мамандар даярлайды, қандай пәндер оқытылады?„- деген көкейінде жүрген сан түрлі сауалдарына жауап алған Катрин ханым „Францияда да осындай оқу орны болса„- деп „Нұр-Мүбарак„ университетінің Мысыр мен Қазақстан арасындағы алтын көпірге айналуы халықаралық дәрежеде үлгі боларлық тәжірибе деген пікірін білдірді. Сондай-ақ университет студенттерімен де сөйлесуге өтініш айтып, халықаралық Құран хафиздары жарысының жеңімпазы Шохан Уәлиевпен сұхбаттасудың сәті түсті. Оған да не себепті „Нұр-Мүбарак„ университетін таңдағанын, студенттік өмір мен жатақхана жағдайы, ұстаздардың біліктілігі, оқыту бағыттары, болашақта білімді жалғастыру мүмкіндіктеріне қатысты пікірлерін сұрады.
Француз журналисті Катрин Верже Қазақстанға алғаш келуі екен. Ол қазақ елі туралы естігенде өзіне жұмбақ әлем жайлы: Бұл Орталық Азиядағы мен үшін Жібек жолының жаңғыруы іспеттес жаңалық. Сондықтан EXPO көрмесінен бастап, Астана, Алматы, Шымкент қалаларын аралап, Түркістан шаһарына барғым келеді. Мені әсіресе, тарихи орындар мен мешіттер қызықтыруда„,-деді Катрин Верже ханым.
Кездесу соңында естелік суретке түсіп, университет кешенімен танысты.
muftiyat.kz