СҚО БАС ИМАМЫ №50 ӘЙЕЛДЕР ТҮЗЕТУ МЕКЕМЕСІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

Солтүстік Қазақстан облысының бас имамы Хамзат Қажымұратұлы Петропавл қаласындағы №50 әйелдер түзету мекемесінде болып, жазасын өтеп жатқан азаматшалармен кездесті.

Кездесу барысында бас имам Ислам дініндегі кешірім, сабыр, тәубе және үміт ұғымдары жайлы кеңінен тоқталып, қатысушыларды дұрыс жолға түсуге шақырды.

Кездесу еркін форматта өтіп, жазасын өтеушілер көкейлерінде жүрген діни әрі рухани сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды. Сонымен қатар, бас имам оларға өмірдің сынақтарынан сүрінбей өтуге, болашаққа үмітпен қарауға кеңес берді.

Return to Top ▲Return to Top ▲