Солтүстік өңірінде мұсылмандар мен христиандар арасындағы ізгі қарым-қатынас ел арасындағы бірлік пен келісімді нығайтуға қызмет етіп келеді. Құрбан айт мерекесіне орай СҚО Православ шіркеуінен Сергий әкей және «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің дін істері басқармасы» КММ басшысы Касенова Рауза облыстық Қызылжар орталық мешітінің бас имамы Хамзат Қажымұратұлын және солтүстүстікқазақстандық барша мұсылман қауымын қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтады.
Сергий әкей көпұлтты және көп конфессионалды ортақ үйіміз – Қазақстанда әрдайым ынтымақ, достық, келісім болуын тілеймін,-деді.
Өз кезегінде облыстың бас имамы Хамзат Қажымұратұлы арнайы құттықтап келген меймандарға алғысын айтып, мерекелік дастарханнан дәм татқызды.
Солтүстік Қазақстан облыстық Қызылжар орталық мешітінің баспасөз қызметі