ИМАМДАРДЫҢ АЛҒАШҚЫ ТОБЫ ОҚУ КУРСЫН СӘТТІ АЯҚТАДЫ
ИМАМДАРДЫҢ АЛҒАШҚЫ ТОБЫ ОҚУ КУРСЫН СӘТТІ АЯҚТАДЫ
ПРЕЗИДЕНТ КЕҢЕСШІСІ МӘЛІК ОТАРБАЕВ ӨҢІР ИМАМДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
ПРЕЗИДЕНТ КЕҢЕСШІСІ МӘЛІК ОТАРБАЕВ ӨҢІР ИМАМДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
«ИМАНИ ЖАЗ – 2025» АТТЫ ЖАЗҒЫ ДІНИ САУАТ АШУ КУРСЫ ӨТУДЕ
«ИМАНИ ЖАЗ – 2025» АТТЫ ЖАЗҒЫ ДІНИ САУАТ АШУ КУРСЫ ӨТУДЕ
QURBAN.MUFTYAT.KZ САЙТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
QURBAN.MUFTYAT.KZ САЙТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
6 МАУСЫМ – ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІНІҢ БІРІНШІ КҮНІ!
6 МАУСЫМ – ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІНІҢ БІРІНШІ КҮНІ!
previous arrow
next arrow

БАС МҮФТИ БАҒДАРЛЫҚ БАЯНДАМА БОЙЫНША АРНАЙЫ ЖИНАЛЫС ӨТКІЗДІ (ФОТО)

Бүгін Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ҚМДБ қызметкерлеріне Бағдарлық баяндамада айтылған ауқымды іс-шараларды атқару бойынша арнайы жиналыс өткізді. Жиынға наиб мүфтилер, Бас мүфти кеңесшілері мен бөлім, сектор меңгерушілері қатысты.

«Өздеріңіз жақсы білесіздер, 17 қаңтарда еліміздегі бүкіл дін қызметкерлеріне дәстүрлі Бағдарлық баяндамамды жолдап, жыл бойы атқаратын ауқымды жұмыс бағыттарын атап, тиісті тапсырмалар бердім. Алла қаласа, 2024 жылы «Бағдарлық баяндама» аясында 50 ауқымды жобаны, «Айтулы шаралар-2024» жобасы бойынша 45 іс-шараны, «Бес бағыт» бойынша 58 іс-шараны, «Діни басқарманың кеңейтілген жоспары» бойынша 610 жобаны, барлығын қосқанда 763 іс-шараны жүзеге асыратын боламыз. Осы ретте баршаңызды жоспарланған жұмыстарды ықыласпен дер кезінде орындауға шақырамын» деді ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы.

Жиын соңында Бас мүфти Алматы тұрғындары үшін арнайы дұға жасады.

myftyat.kz

ТОҒЫЗЫНШЫ ХАДИС

САБЫРЛЫ БОЛ!

إِنَّمَا الصَّبْرُ عِنْدَ الصَّدْمَةِ اْلأُولَى

(Иннамас сабру ‘индәс садмәтиль ууля)

Хадистің аудармасы:  Расында нағыз сабыр ету –  алғашқы соққыда

(Бұхари, Муслим хадистер жинағы)

Түсіндірмесі: Сабыр − адамзатты кемелдік шыңына жетелейтін ең асыл қасиеттердің бірі. Бұл қасиет адам баласына әуелден Жаратушы тарапынан берілген жетістікке қол жеткізудің сырлы кілті. Кез келген істе сабырлық қажет. Ол құлшылық болсын, білім алу болсын. Бұл өмірде үлкенді-кішілі қиыншылық¬қа ұшырап, басына іс түспеген адамды табу қиын. Міне, осындай сәттерде кейбір мұсыл¬ман бауырларымыздың тағдырға қарсы шықпаса да сабырсыздық танытып, қате¬лікке ұрынуы – қайғы үстіне қайғы жа¬майды. Қайсыбір пенделер ауыртпалыққа түсіністікпен қарсы тұрудың орнына: «Ей, Алла, мен саған не жаздым…» деп Жарату¬шының үстінен шағым айтып, тіл тигізіп жататындығын да көріп, біліп жүрміз. Алайда, мұның белгілі бір дәрежедегі Алла тағаланың сынағы екенін ұғына бермейміз.

Әрбір сәтсіздікті Ұлы Жаратушының сынағы деп қабылдап, оған сабырмен, төзіммен қарауымыз керек. Қиындықтар кездессе оған сабыр ету  – болашақта адамға келетін нығметтердің, жетістіктердің басы деп қабылдауымыз қажет. Қазақтың «Әрбір істің қайыры бар» деген сөздері осындайда еріксіз еске түседі.

КЕШБЭКТІ ЖӘНЕ ДИСКОНТ КАРТАЛАРДЫ ҚОЛДАНУҒА РҰҚСАТ ПА?

Кешбэк (ағыл. Cashback – ақша қайтару) – бұл тауарды сатып алудан немесе қызметтер ақысын төлеуден түсетін бонустық пайыздар.

Кешбэк жүйесінде карта иесі (клиент) белгілі бір дүкеннен тауарды сатып алған жағдайда эмитент (банк) клиенттің шотына белгілі бір пайызды қайтарады. Ал сатушы банк арқылы тауарын сатқаны үшін эмитентке белгілі бір комиссия төлейді[1].

Кешбэктің үкімі төлем карталардың түрлеріне байланысты әрқалай болады:

  1. Дебеттік карта – клиенттің банк шотындағы ақша сомасы шегінде төлемді немесе ақша аударымын жасауға мүмкіндік беретін төлем картасы[2].

Дебеттік картаны қолдануға көптеген ғалымдар мен пәтуа ұйымдары рұқсат берген[3]. Өйткені бұл картада өсім беру қарастырылмайды. Ислам Фиқһ Академиясының 139 (5/15) қарарында: «Дебеттік карталарды шығаруға әрі қолдануға рұқсат… Сондай-ақ карта иесіне шариғатта тыйым салынбаған қызмет көрсету немесе тауардың бағасын төмендету сияқты жеңілдіктерді пайдаланудың оқасы жоқ»[4], – делінген. Осы ретте төлем барысында клиенттің картасына қайтарылған кешбэкті қолдануға рұқсат етіледі.

  1. Кредиттік карта – эмитент пен клиент арасында жасалған банктік қарыз шартының талаптарымен төлемдерді, ақша аударымдарды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін төлем картасы[5]. Кейбір эмитенттер клиентке қарызды пайызбен немесе пайызсыз беруі мүмкін. Пайызсыз берген жағдайдың өзінде қарызды уақытынан кешіктірсе, айыппұл белгіленеді.

Кредиттік карталарды қолдануға байланысты ғалымдардың арасында екі түрлі көзқарас бар:

1) Кредиттік карталарда өсім әрі оған алып баратын шарттар қамтылғандықтан бұл картаны қолдануға тыйым салынады[6]. Өйткені кредиттік картада эмитент пен клиент арасындағы байланыс қарыз ретінде қарастырылады. Егер кредиттік картаны қолдануға тыйым салынса, онда одан түскен кешбэкті де пайдалануға болмайды.

2) Эмитент қарызды пайызсыз береді. Бірақ қарызды өтеу уақытынан кешіктірсе, айыппұл белгілейді. Егер клиент қарызды пайызсыз алып, уақытылы төлеуге сенімді болса онда бұған қажеттілік жағдайда кейбір ғалымдар рұқсат берген[7]. Дегенмен одан түскен кешбэкті қайырымдылыққа жұмсайды дейді.

  1. Бонустық карталар. Бонус жинақтауға мүмкіндік беретін арнайы карта. Сатушы өзі немесе кешбэк сервистерінің қызметін пайдалана отырып клиентті тарту мақсатында бонус карталарын ұсынады. Осы карта арқылы клиент балл, бонус жинап, сол дүкеннен зат алуына болады. Бұл картаны қолдануға төмендегі шарттар негізінде рұқсат етіледі:

– Төлем карталары шариғат талаптарына сай болуы; Кредит карталарын пайдаланып, ол үшін бонустар алуға болмайды.

  • Бонусты шариғатта тыйым салынбаған нәрсеге жұмсауы;
  • Бонустың есесіне клиенттен комиссия алынбауы;
  • Бонусты сый ретінде беруі;
  • Бонус себепті тауарды қымбатқа сатпауы тиіс[8].

Дисконттық (жеңілдік) карта – бұл сауда орталықтары, туристік фирмалар т.б. жеңілдіктерді ұсынатын карта. Бұл карта ақылы және тегін болуы мүмкін. Ислам Фиқһ Академиясының №138 қарарында: «Егер карта тегін берілсе, ондағы берілетін сыйлықтарды, жеңілдіктерді пайдаланудың оқасы жоқ. Бірақ сатушы жеңілдік бергені себепті тауарды қымбат сатпауы тиіс. Егер дисконт картаны сатса әрі бағасы негізі құнынан жоғары болса немесе жыл сайын төлеп тұратын төлемі болса, онда пайдалануға тыйым салынады. Өйткені бұл құмар болып саналады»[9], – делінген.

ШЕШІМ:

  1. Дебеттік картаны қолдануға әрі ол арқылы түскен кешбэкті қолдануға рұқсат.
  2. Кредиттік картаны және одан түсетін кэшбэкті қолдануға тыйым салынады. Тек аса қажеттілік жағдайда қарызды пайызсыз алып, уақытында төлеуге сенімді болса ғана қолдануға рұқсат. Алайда одан түскен кешбэкті қайырымдылыққа жұмсауы керек.
  3. Бонустық картадан түскен сыйақыны төмендегі шарттар негізінде пайдалануға болады:
  • Төлем карталары шариғат талаптарына сай болуы;
  • Берілген бонус шариғатта тыйым салынбаған нәрсеге жұмсауы;
  • Бонустың есесіне клиенттен комиссия алынбауы;
  • Бонусты сый ретінде беруі;
  • Бонус себепті тауарды қымбатқа сатпауы тиіс.
  1. Дисконттық карта тегін берілсе, оны пайдаланудың оқасы жоқ.

ҚМДБ Ғұламалар кеңесі

[1] https://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%9A%D0%B5%D1%88%D0%B1%D1%8D%D0%BA. Уаһбату әз-Зухайли, «Битақату әл-итиман: 10-бет.

[2] Әл-Мәғаир аш-шарғия, 125-бет.

[3] «AAOIFI», «Мысырдың пәтуа комитеті», «Қатардың уақф және дін істер министрлігі», т.б. Мухаммад Тәқи әл-Усмани, Уаһбату әз-Зухайли, т.б.

[4] Ислам Фиқһ Академиясының қарарлары: 444-бет. Әл-Мәғаир аш-шарғия, 132-136 беттер. Мухаммад Тәқи әл-Усмани, Фиқһу әл-Буйуғ: 1/453-454.

[5] Әл-Мәғаир аш-шарғия, 144-бет.

[6] Ислам Фиқһ Академиясының №108, 2/12 қарары. Иордания пәтуа комитеті, «AAOIFI», «Қатардың уақф және дін істер министірлігі», т.б.

[7] Әл-қарарат уә әл-фатауа әл- маджлис әл-урубба лил ифта уә әл-бухус: 209-бет.

[8] https://aliftaa.jo/Question.aspx?QuestionId=2966.

[9] Ислам Фиқһ Академиясының №138 қарары. https://www.aliftaa.jo/Question2.aspx?QuestionId=3160.

БАС МҮФТИ МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

Бүгін Астана қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бірқатар Мәжіліс депутаттарымен кездесті.

Кездесуге Ермұрат Бәпи, Қазыбек Иса, Самат Мұсабаев, Аманжол Әлтаев, Абзал Құспан, Айгүл Құспан, Дәулет Мұқаев т.б. депутаттар қатысты. Басқосуда ҚМДБ Төрағасы Діни басқарманың өткен жылы атқарған ауқымды іс-шаралары туралы айта келе, ел игілігі мен бірлігі жолындағы жұмыс жоспары жайлы әңгімелеп берді.    

«Алла қаласа, жуырда көптен күткен «Ислам энциклопедиясының» бірінші, екінші, үшінші томы оқырманға жол тартады. Бұл діни саладағы үлкен жаңалықтың, тарихи оқиғаның, іргелі еңбектің бірі болады. Сонымен қатар «Бабалар ізімен: Қазақ даласындағы мұсылмандық мектеп» кітабы, «Дін мен дәстүр» үшінші кітабы да жарық көреді. Аталған еңбектер дін мен дәстүрімізді дәріптеу, мұсылмандық мектебімізді насихаттау жолындағы іргелі істің бірі болмақ. Өздеріңіз жақсы білесіздер, еліміз биыл Түркі мемлекеттері ұйымына төрағалық етеді. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы да өзіміз бастамашыл болған Түркітілдес мемлекеттердің мүфтилер алқасына төрағалық етеді. Осыған орай елімізде «Қожа Ахмет Ясауи және сопылық ілімі», «Орта Азия Фиқһ мектебінің методологиясы» халықаралық конференциялар өткіземіз» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Басқосуда Бас мүфти депутаттардың сауалына жауап берді. Сұхбат барысында қоғамға қауіп төндіретін жат діни ағымдардың әрекетіне тосқауыл қою, дін мен дәстүр сабақтастығын дәріптеу, жас буын өкілдерін теріс идеологиялардың зиянынан сақтандыру мәселесі сөз болды. Кездесу соңында тараптар ел игілігі жолында бірлесе қызмет етуге келісті.  

myftyat.kz

ДІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ (ФОТО)

Астана қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ғимаратында дін қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға арналған ғылыми-теориялық семинар өтті.

Семинарда «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің проректоры Қайрат Құрманбаев «Хадис әдістемесі», ҚР ҒЖБМ Мемлекет тарихы институтының Тарих және қоғамдық ғылымдар Академиясының академигі, тарих ғылымдарының докторы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Мақсат Алпысбес «Қазақстан тарихының кезеңдері»,  ҚР ҒЖБМ ҒК М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Бас директорының орынбасары, филология ғылымдарының кандидаты, доцент, ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің мүшесі Төрәлі Қыдыр «Дәстүрлі мұсылмандық мектеп», «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің оқытушысы Құрманғазы Садыбаев «Дін психологиясы», «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің оқытушысы Рашид Мұхитдинов «Исламтанудың зерттеу әдістері» тақырыбында дәріс жүргізді.

Семинарға қатысқан дін қызметкерлері көкейде жүрген сұрақтарына жауап алды.

myftyat.kz

БАС МҮФТИ 2024 ЖЫЛДЫ «ИСЛАМ ЖӘНЕ ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҒЫ» ЖЫЛЫ ДЕП ЖАРИЯЛАДЫ (ФОТО)

Бүгін елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы дін қызметкерлеріне Бағдарлық баяндамасын жолдап, 2024 жылды «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы деп жариялады.

«Халқымыздың дүниетанымына сай дәстүрлі Исламды дәріптеу, оның ғылыми-теориялық негізін дамыту мәселесі мемлекеттік деңгейде көтеріліп келе жатқанын жақсы білесіздер. Осындай мәселелер мен бастамаларды ескере келе, діни қызмет аясында 2024 жылды «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы деп жариялау туралы шешім қабылдадым. Бұл бастама дәстүрлі дінімізді, ата-бабамыз сан ғасырдан бері ұстанып келген діни жолымызды, төл мәзһабымызды, ұлттық құндылықтарымыз бен қазақы болмысымызды дәріптеуге серпін береді деп сенемін» деді ҚМДБ Төрағасы.

Сондай-ақ Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы БАҚ өкілдеріне арнайы сұхбат берді.

Айта кетейік, Төралқа мәжілісіне Діни басқарма қызметкерлері, облыстардың бас имамдары, Ғұламалар, Сарапшылар, Ақсақалдар кеңесі мен РАНТ мүшелері, Діни оқу орындарының басшылары мен ұстаздары қатысуда.

myftyat.kz

МЕШІТТЕР ЖАНЫНАН «ХАДИСТАНУ» КУРСЫ АШЫЛАДЫ

Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Бағдарлық баяндамасында мәлімдеді.

«Биыл жамағатқа хадис ілімінің негіздерін түсіндіру мақсатында облыстық орталық мешіттер жанынан «Хадистану» курсын ашамыз. Бұл ханафи мәзһабының фиқһ үкімдеріне қатысты хадистерді түсінуге жол ашады» деді Бас мүфти.

myftyat.kz

ДІНИ БАСҚАРМАНЫҢ «ӨНЕГЕЛІ ОТБАСЫ» ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ

Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Бағдарлық баяндамасында мәлімдеді.

«Отбасындағы зорлық-зомбылық, қатігездік әрекеттер өзекті мәселенің біріне айналды. Біз отбасы құндылығын қоғамға барынша насихаттау мақсатында республика бойынша «Өнегелі отбасы» жобасын жүзеге асырамыз» деді Бас мүфти.

myftyat.kz

ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ: «ЖАСТАР КЕҢЕСІН» ҚҰРАМЫЗ

Бұл жөнінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Бағдарлық баяндамасында мәлімдеді.

«Халқымыздың үштен бірі – жастар. Жас буын өкілдерін жат қылықтардан, бейәдеп іс-әрекеттерден және теріс діни ағымдардың ықпалынан сақтандыру – аса маңызды іс. Өскелең ұрпақ өкілдерімен жұмысты жандандыру үшін әр саланың білікті мамандарын ортақ мақсатқа жұмылдыратын «Жастар кеңесін» құрамыз» деді ҚМДБ Төрағасы.

myftyat.kz

ЕЛОРДАДА БАС МҮФТИДІҢ БАҒДАРЛЫҚ БАЯНДАМАСЫ БАСТАЛДЫ (ФОТО)

Бүгін елордасы Астанада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының 2024 жылға арналған Бағдарлық баяндамасы басталды.

Жиын қасиетті Құран Кәрім аяттарын оқумен басталып, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ел амандығы мен тыныштығы үшін арнайы дұға жасады. Басқосуда ҚМДБ Төрағасы дін қызметкерлеріне жыл сайынғы дәстүрлі Бағдарлық баяндамасын жолдауда.

Айта кетейік, жиынға Діни басқарма қызметкерлері, облыстардың бас имамдары, Ғұламалар, Сарапшылар, Ақсақалдар кеңесі мен РАНТ мүшелері, Діни оқу орындарының басшылары мен ұстаздары, сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысуда.

myftyat.kz

КЕШБЭКТІ ЖӘНЕ ДИСКОНТ КАРТАЛАРДЫ ҚОЛДАНУҒА РҰҚСАТ ПА?

Кешбэк (ағыл. Cashback – ақша қайтару) – бұл тауарды сатып алудан немесе қызметтер ақысын төлеуден түсетін бонустық пайыздар.

Кешбэк жүйесінде карта иесі (клиент) белгілі бір дүкеннен тауарды сатып алған жағдайда эмитент (банк) клиенттің шотына белгілі бір пайызды қайтарады. Ал сатушы банк арқылы тауарын сатқаны үшін эмитентке белгілі бір комиссия төлейді[1].

Кешбэктің үкімі төлем карталардың түрлеріне байланысты әрқалай болады:

  1. Дебеттік карта – клиенттің банк шотындағы ақша сомасы шегінде төлемді немесе ақша аударымын жасауға мүмкіндік беретін төлем картасы[2].

Дебеттік картаны қолдануға көптеген ғалымдар мен пәтуа ұйымдары рұқсат берген[3]. Өйткені бұл картада өсім беру қарастырылмайды. Ислам Фиқһ Академиясының 139 (5/15) қарарында: «Дебеттік карталарды шығаруға әрі қолдануға рұқсат… Сондай-ақ карта иесіне шариғатта тыйым салынбаған қызмет көрсету немесе тауардың бағасын төмендету сияқты жеңілдіктерді пайдаланудың оқасы жоқ»[4], – делінген. Осы ретте төлем барысында клиенттің картасына қайтарылған кешбэкті қолдануға рұқсат етіледі.

  1. Кредиттік карта – эмитент пен клиент арасында жасалған банктік қарыз шартының талаптарымен төлемдерді, ақша аударымдарды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін төлем картасы[5]. Кейбір эмитенттер клиентке қарызды пайызбен немесе пайызсыз беруі мүмкін. Пайызсыз берген жағдайдың өзінде қарызды уақытынан кешіктірсе, айыппұл белгіленеді.

Кредиттік карталарды қолдануға байланысты ғалымдардың арасында екі түрлі көзқарас бар:

1) Кредиттік карталарда өсім әрі оған алып баратын шарттар қамтылғандықтан бұл картаны қолдануға тыйым салынады[6]. Өйткені кредиттік картада эмитент пен клиент арасындағы байланыс қарыз ретінде қарастырылады. Егер кредиттік картаны қолдануға тыйым салынса, онда одан түскен кешбэкті де пайдалануға болмайды.

2) Эмитент қарызды пайызсыз береді. Бірақ қарызды өтеу уақытынан кешіктірсе, айыппұл белгілейді. Егер клиент қарызды пайызсыз алып, уақытылы төлеуге сенімді болса онда бұған қажеттілік жағдайда кейбір ғалымдар рұқсат берген[7]. Дегенмен одан түскен кешбэкті қайырымдылыққа жұмсайды дейді.

  1. Бонустық карталар. Бонус жинақтауға мүмкіндік беретін арнайы карта. Сатушы өзі немесе кешбэк сервистерінің қызметін пайдалана отырып клиентті тарту мақсатында бонус карталарын ұсынады. Осы карта арқылы клиент балл, бонус жинап, сол дүкеннен зат алуына болады. Бұл картаны қолдануға төмендегі шарттар негізінде рұқсат етіледі:

– Төлем карталары шариғат талаптарына сай болуы; Кредит карталарын пайдаланып, ол үшін бонустар алуға болмайды.

  • Бонусты шариғатта тыйым салынбаған нәрсеге жұмсауы;
  • Бонустың есесіне клиенттен комиссия алынбауы;
  • Бонусты сый ретінде беруі;
  • Бонус себепті тауарды қымбатқа сатпауы тиіс[8].

Дисконттық (жеңілдік) карта – бұл сауда орталықтары, туристік фирмалар т.б. жеңілдіктерді ұсынатын карта. Бұл карта ақылы және тегін болуы мүмкін. Ислам Фиқһ Академиясының №138 қарарында: «Егер карта тегін берілсе, ондағы берілетін сыйлықтарды, жеңілдіктерді пайдаланудың оқасы жоқ. Бірақ сатушы жеңілдік бергені себепті тауарды қымбат сатпауы тиіс. Егер дисконт картаны сатса әрі бағасы негізі құнынан жоғары болса немесе жыл сайын төлеп тұратын төлемі болса, онда пайдалануға тыйым салынады. Өйткені бұл құмар болып саналады»[9], – делінген.

ШЕШІМ:

  1. Дебеттік картаны қолдануға әрі ол арқылы түскен кешбэкті қолдануға рұқсат.
  2. Кредиттік картаны және одан түсетін кэшбэкті қолдануға тыйым салынады. Тек аса қажеттілік жағдайда қарызды пайызсыз алып, уақытында төлеуге сенімді болса ғана қолдануға рұқсат. Алайда одан түскен кешбэкті қайырымдылыққа жұмсауы керек.
  3. Бонустық картадан түскен сыйақыны төмендегі шарттар негізінде пайдалануға болады:
  • Төлем карталары шариғат талаптарына сай болуы;
  • Берілген бонус шариғатта тыйым салынбаған нәрсеге жұмсауы;
  • Бонустың есесіне клиенттен комиссия алынбауы;
  • Бонусты сый ретінде беруі;
  • Бонус себепті тауарды қымбатқа сатпауы тиіс.
  1. Дисконттық карта тегін берілсе, оны пайдаланудың оқасы жоқ.

ҚМДБ Ғұламалар кеңесі

[1] https://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%9A%D0%B5%D1%88%D0%B1%D1%8D%D0%BA. Уаһбату әз-Зухайли, «Битақату әл-итиман: 10-бет.

[2] Әл-Мәғаир аш-шарғия, 125-бет.

[3] «AAOIFI», «Мысырдың пәтуа комитеті», «Қатардың уақф және дін істер министрлігі», т.б. Мухаммад Тәқи әл-Усмани, Уаһбату әз-Зухайли, т.б.

[4] Ислам Фиқһ Академиясының қарарлары: 444-бет. Әл-Мәғаир аш-шарғия, 132-136 беттер. Мухаммад Тәқи әл-Усмани, Фиқһу әл-Буйуғ: 1/453-454.

[5] Әл-Мәғаир аш-шарғия, 144-бет.

[6] Ислам Фиқһ Академиясының №108, 2/12 қарары. Иордания пәтуа комитеті, «AAOIFI», «Қатардың уақф және дін істер министірлігі», т.б.

[7] Әл-қарарат уә әл-фатауа әл- маджлис әл-урубба лил ифта уә әл-бухус: 209-бет.

[8] https://aliftaa.jo/Question.aspx?QuestionId=2966.

[9] Ислам Фиқһ Академиясының №138 қарары. https://www.aliftaa.jo/Question2.aspx?QuestionId=3160.

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫЛАНЫП, АЛДАҒЫ  ЖҰМЫС ЖОСПАРЛАНДЫ

Қызылжар қалалық мешітінде ҚМДБ –ның Солтүстік Қазақстан облысы өкілдігінің 2023 жылы атқарған жұмыстарының қорытынды жиналысы өтті.

Оған мешіт жамағатының ақсақалдары мен алқа мүшелері және имамдар қатысты.  Облыстық Қызылжар орталық мешітінің бас имамы Хамзат Қажымұратұлы 2023 жылы атқарған жұмыстарын баяндап, алдағы атқарылатын жоспарлы жұмыстарына қысқаша тоқталды. Содан кейін Қызылжар қалалық мешітінің бас имамы Қасымхан Абдоллаұлы  ҚМДБ жыл қорытындысы бойынша «Муфтият үздіктері» жобасы аясында «Үздік зекет қызметкері» номинациясын  иеленді.

Сонымен бірге, Қызылжар орталық мешітінің наиб имамы  Аян Алыпқашов және Мақсат Жұмажанов ҚМДБ  төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының атынан   нәтижелі жұмыстары үшін Алғыс хатпен марапатталды.

Қызылжар орталық мешітінің баспасөз қызметі

Return to Top ▲Return to Top ▲