ИМАМДАРДЫҢ АЛҒАШҚЫ ТОБЫ ОҚУ КУРСЫН СӘТТІ АЯҚТАДЫ
ИМАМДАРДЫҢ АЛҒАШҚЫ ТОБЫ ОҚУ КУРСЫН СӘТТІ АЯҚТАДЫ
ПРЕЗИДЕНТ КЕҢЕСШІСІ МӘЛІК ОТАРБАЕВ ӨҢІР ИМАМДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
ПРЕЗИДЕНТ КЕҢЕСШІСІ МӘЛІК ОТАРБАЕВ ӨҢІР ИМАМДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
«ИМАНИ ЖАЗ – 2025» АТТЫ ЖАЗҒЫ ДІНИ САУАТ АШУ КУРСЫ ӨТУДЕ
«ИМАНИ ЖАЗ – 2025» АТТЫ ЖАЗҒЫ ДІНИ САУАТ АШУ КУРСЫ ӨТУДЕ
QURBAN.MUFTYAT.KZ САЙТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
QURBAN.MUFTYAT.KZ САЙТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
6 МАУСЫМ – ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІНІҢ БІРІНШІ КҮНІ!
6 МАУСЫМ – ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІНІҢ БІРІНШІ КҮНІ!
previous arrow
next arrow

РАМАЗАНЖӘНЕСАБЫРЛЫҚ

Әлем мұсылмандарының сағына күтетін, айлардың сұлтаны болған қасиетті Рамазан айының келуібаршамыз үшін үлкен қуаныш. Өйткені қасиетті Рамазан айымейірімділіктің, қайырымдылықтың, сабырлықтың, тақуалықтың, нәпсі тәрбиесі мен кешірімділіктің айы.

Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Шағбан айының соңғы күнінде құтпа оқып, бұл айдың артықшылығы жайлы: «Уа, адамдарСендерге ұлы мүбарак ай келді. Бұл айда мың айдан жақсы бір түн бар. Алла Тағала күндіз оразаны парызтүнде намаз оқуды нәпіл етті. Кімдекім бұл айда Алла Тағалаға нәпіл ғибадатпен жақындайтын болсабасқа айда парызды орындағандай сауап алады. Ал парыз амалдарды орындаса, басқа айда орындаған жетпіс парызбен тең сауап алады. Бұлсабыр айы. Ал сабырлықтың сыйыжәннат…», – деп сүйіншіледі. Осы хадистегі «Бұл – сабыр айы. Ал сабырлықтың сыйы – жәннат» деген сөзге қысқаша тоқталып өтсек.

Жәннатты қалайсың ба? Онда сабырды серік ет. Жаратушының бұйырған құлшылықтарын орындауға, күнәдан сақтануға, қиындықтарға көркем түрде сабыр ет. Сабырлық дегеніміз не? Оның дінімізде алар орны қандай? Сабырлық – басқа түскен қайғы мен сынаққа шыдамдылық таныту. Тіліне ие болу, әртүрлі жаман әрекеттерден сақтану арқылы нәпсіні тәрбиелеу. Сабырлық – Ислам дінінің ахлағы, Алла Тағаланың сипаты, Пайғамбарлардың мінезі. Рамазан айында адам тән қалауын тәрбиелеп, өзін нәпсінің құлы болып кетуден сақтайды. Көп ұйқы мен көп тамақтану иманның әлсіреуіне алып келеді. Ал ораза ұстаған адамның денесі әрі рухы тынығады. Ең бастысы адамның қас дұшпаны болған нәпсіні тазартып, Раббысына жақындай түседі. Адам бұл жалғанда көптеген сынақпен бетпе-бет келеді. Себебі бұл өмірді сынақ пен емтихан алаңы деп те айтуға болады. Түрлі қиындық, қайғы мен ауру, кедейлік, малдың жұтауы, егіннің шықпай қалуы, жақындардың дүниеден өтуі, бұның бәрі – сынақ. Адам баласы сынаққа ұшырамай тұрмайды.

Құранда сабыр сөзі 103 жерде айтылады. Бұл – асыл дініміздің сабырлыққа ерекше мән бергенінің дәлелі. Қай салада болса да, сабырлық керек. Мүминнің өзгелерден ерекшеленіп тұратын жері – басына бір қиындық түссе сабырға келіп, жақсылыққа кенелсе шүкір етуінде.

Рамазан айында нәпсісін тәрбиелейді. Ауызды астан ғана емес, жаман сөзден тыяды. Көзді харамға қараудан, құлақты харам нәрселерді естуден тыяды. Көп ұйқы мен көп тамақтану иманның әлсіреуіне алып келеді. Ал ораза ұстаған адамның денесі әрі рухы тынығады. Ең бастысы адамның қас дұшпаны болған нәпсіні тазартып, Раббысына жақындай түседі. Себебі адам үшін ең ұлы күрес нәпсімен болатын күрес екенін Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ескерткен болатын. Бір ай бойы күннің ыстығын мен суығына қарамай ашқұрсақ жүрген адамның бойында сабырлық пен шыдамдылық сезімі күшейіп, шыңдалады. Аштықпен нәпсісін тыйған мұсылман басқа қиындыққа да шыдайды. Сабырлы адам алдына биік мақсат қойып, діттеген мақсатына жете алады.

Имам Мүслим риуаят еткен хадисте: «Мұсылманның ісіне таң қаламын. Оның барлық ісінде бір жақсылық бар және бұл мұсылманнан басқа ешкімге берілмегенЕгер оған бір жақсылық келсе, ол Аллаға шүкір етеді де, бұл оған қайырлы болады. Ал басына бір қиындық түссе, сабыр етеді де, бұл оған қайырлы болады», – деген.

Рамазан – сабыр айы. Ал сабырдың сыйы – жәннат. Иманның жартысы – сабыр, екіншісі – шүкір. Иманның жартысын құрайтын сабырды осы айда шыңдай түсу қажет. Себебі ораза ұстаған адам жан-дүниесін тазартып, жаман қылықтан сақтанады.

Біріншісі, құлшылықтарды орындауға сабыр ету. Ерік-жігері мықты, ықыласты жандар ғана құлшылығына бекем болады. Екі ракағат намаз оқу, бір күн ораза ұстау сырттай жеңіл болып көрінгенімен, ұстамдылық пен сабырды талап етеді. Таңнан кешке дейін нәр татпау, кешке тарауық намызына қатысу, тәһажжудқа тұру, сәресіне ояну, Құран оқу және т.б. құлшылықтарға асқан төзім қажет. Сондай-ақ күні бойы жұмыс істеп, арасында ағайын-туыс пен жақынжуыққа көмектесу мен мұқтаждың қажетін өтеу үшін де сарқылмайтын сабырға зәруміз.

Екіншісі, күнәлардан сақтануға сабыр ету. Рамазан – тек қана ішіп-жеуден ғана емес, күнәлардан, жаман әдеттерден арылатын ай. Бұл айда адамның ауызы ғана емес, барлық дене мүшесі ораза ұстауы тиіс. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кімде-кім ауыз бекіте тұра өтірік айтуын әрі оған әрекет етуін доғармаса, оның ішіп-жеуден ғана тыйылғаны Алла Тағалаға қажет емес», – деген. Тағы бір хадисте: «Қаншама ораза ұстаушылар бар. Олардың ұстаған оразасынан алатыны – аш жүргені мен шөлдегені ғана», – делінген.

Үшіншісі, қиындық, сынақтарға сабыр ету. Ораза ұстаған адам күні бойы күннің ыстық-суығына, шөлге, басқа да нәрселерге сабыр етеді. Егер адам Рамазан айында адал болған ішіп-жеуден нәпсісін тыйса, оған Алла Тағала арам еткен нәрселерден тыйылу қиындық тудырмайды.

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Ораза мен Құран пенде үшін Қиямет күні шапағат етеді. Ораза: «Уа, Раббым! Мен бұл құлыңды күндізгі уақытта ішіп-жеу мен шәһуаттан тыйдым. Енді мені оған шапағатшы ете гөр», – дейді. Құран да: «Мен түнде оны ұйқыдан тыйдым. Енді мені оған шапағатшы ет», – деп тілейді. (Оларға шапағат етуге рұқсат беріліп), екеуі шапағат етеді», – деп сүйіншілеген.

Оразаның тағы бір ерекшелігі – мұның сауабын Алла Өзі береді әрі оның есебі белгісіз. Шынайы ықыласпен тұтылған ораза үшін Раббымыз шексіз
сауап жазып, күнәсын кешіріп, әр-Раййан қақпасынан кіргізеді. Қасиетті Құранда: «Сабыр етушілерге берілетін сыйлық есепсіз», – десе, құдси хадисте Алла Тағала: «Ораза Мен үшін. Оның сыйын Өзім беремін», – деген.

Қорыта айтқанда, оразаның сауабын толық алғымыз келсе, Алла Тағала бұйырғандай, Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) көрсеткендей, шарттарын, әдептерін тиянақты орындасақ қана, сансыз сауапқа ие боламыз.

Медет ҚҰРМАШҰЛЫ,

ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы

«Иман» журналы, №3, 2024 жыл

СҚО///  ТАЙЫНША АУДАНЫНДА АҚ БАТА САЙЫСЫ ӨТТІ

Биылғы жылы Рамазан айымен тұспа-тұс келген Наурыз мейрамы және «Ислам және Дәстүр құндылығы» аясында Тайынша аудандық мешітінде «Ақ бата» атты бата беру сайысы өтті. Сайысқа Тайынша ауданындағы мешіт жамағатынан іріктелген 10 -нан астам ақсақал қатысып, бата берумен қатар, діни білімдерін, салт-дәстүрге жетіктігін де сарапқа салды.

Қазылар алқасы ақсақалдардың бата беру шеберлігін, шешендігін бақылай отырып, үздігін анықтап, 1-ші орынға  Есенбай Мұхамметғалиды, 2-ші орынға Бимағамбетов Сәлімжанды, 3-ші орынға Молдағали Кенжеғараны лайық деп тапты. Жүлдегерлердің барлығы арнайы «Алғыс хатпен» марапатталып, ақшалай сыйлықтарға ие болды.

Шара соңында Тайынша мешітінің бас имамы Зиятбек Ахметұлының ұйымдастыруымен қатысушыларға ауызашар дастарханы жайылды.

Солтүстік Қазақстан облыстық Қызылжар орталық мешітінің баспасөз қызметі

СҚО///  ШӘКІРТТЕР АРАСЫНДА ҚҰРАН ЖАРЫСЫ ӨТТІ

«Қызылжар» орталық мешітінің ұйымдастыруымен шәкірттер арасында  Құран оқу жарысы ұйымдастырылды.

Солтүстік Қазақстан облыстық, Қызылжар орталық мешітінің бас имамы Хамзат Қажымұратұлы жас құраншыларға жарыстың шартын түсіндіріп, сәттілік тіледі.

Мұндай рухани шара биыл үшінші рет өткізіліп отыр.Жарысқа 5 жас пен 24 жас аралығындағы  70 үміткер  шәкірт бақтарын сынады. Жарыстың ең жас қатысушысы  Нашкенова Сафия 5 жаста. Ол 10 сүрені жатқа біледі. Нақтырақ айтсақ, жарысқа қатысушылар 5 номинация бойынша бақтарын сынады.  Қазылар алқасының шешімімен 2 пара бойынша Зульфукарова Мумина, 1 пара бойынша Төлеухан Азамат, Жарты пара бойынша Амиров Загир, 10 сүре бойынша Нашкенова Сафия жеңімпаз деп танылды

Жарыстың ұтысына жалпы 1 миллион теңге шығарылған.

Жүлдегерлер шарттта берілген номинациялар бойынша ақшалай сыйлықтарды қанжығаға байлады.

 Солтүстік Қазақстан облыстық Қызылжар орталық мешітінің баспасөз қызметі

ЕЛІМІЗДІҢ МЕШІТТЕРІНДЕ 637 ҚАРИ ҚҰРАН ХАТЫМ ОҚУДА (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты еліміздің 565 мешітінде 637 қари күнделікті тарауық намазында Құран Кәрімді хатым етуде. Бұл туралы елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен Аппарат жиналысында Құран секторының меңгерушісі Серік қари Ахмет баяндады.

«Алла қаласа, қариларымыз Рамазанның 27-і күні, яғни Қадір түнінде Құран Кәрімді толықтай оқып бітіріп, халықпен бірге хатым дұғасы жасалады. Сондай-ақ Құран секторы құрылған бір ай ішінде Алматы облысында тұңғыш рет имамдар арасында аймақтық Құран байқауы ұйымдастырылды. Сондай-ақ Астанада ерлер мен әйелдер арасында онлайн Құран сайысы өтті» деді сектор меңгерушісі.

Айта кетейік, қазіргі таңда елімізде 2854 мешіт жұмыс істеп тұр. Соның 565-інде тарауық намазында Құран Хатым жасалуда.

muftyat. kz

РАМАЗАН – ОН ЕКІ АЙДЫҢ СҰЛТАНЫ, БЕРЕКЕЛІ ДЕ КЕШІРІМІ МОЛ АЙ!

Рамазан – үйіңе екі дүниенің берекесін әкелген ұлы қонақ. Бұл айда сауаптың бақшасында барлық жемістен терілуге мүмкіндік беріледі. Биылғы жылы Рамазан айы наурыздың 11- нен бастау алады. Осы орайда халықтың көкейінде жүрген сан сауалға Тайынша аудандық мешітінің Бас имамы Зиятбек Ахметұлы жауап береді.

–  Зиятбек Ахметұлы, Оразаны кімдерге ұстау парыз? Белгілі бір жас мөлшері бола ма?

Аса қамқор, ерекше Мейірімді Алланың атымен бастаймын!

Ең бірінші, баршамызды оразаға аман-есен жеткізген құдіреті шексіз Алла Тағалаға сансыз шүкірлер мен мақтау-мадақтар болсын! Біздің халқымыз ежелден рамазанды ерекше қастерлеп: «Он екі айдың сұлтаны», – деп атаған. Берекесі мол айда жарапазан жырын айтып, оразаның келгенін қуанышпен жеткізіп, насихаттаған. Ал ауызашар дастарханы рухани сұхбаттың, бата мен ізгі тілектің қайнары болған. Ауыз бекіткен адамды айрықша қадірлеп, оған ауызашар беру – бағзыдан келе жатқан салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрпымыз.

Таңғы сәресі әр шаңырақ үшін қуанышты сәт болса, кешкі ауызашар ағайын мен туысты, бір қауым елді имандылыққа ұйытқан, мерекесі мен берекесі үйлескен басқосу болатын. Аллаға шүкір, бұл игі дәстүр ғасырдан ғасырға жалғасып, жаңғырып келеді.Алғашқы мұсылмандар осынау мүбәрак аймен қимай қоштасып, ал келесі жылы құдды қырық жыл көрмеген қонағын күткендей құшақ жая қарсы алады екен. Өйткені бұл ай әрбір жанға иләһи мейірімнің бір сынығын сыйлайтын сауабы мол маусым. Алла Тағала оразамызды қабыл алып, елімізге тыныштық, отбасымызға амандық берсін! Аумин!

 – Иә, алғашқы сауалға жауап  айтар болсақ, әрбір балиғат жасына жеткен ақыл-есі дұрыс адамға ораза ұстау парыз болып саналады. Балиғат жасы қыз балалар 9 жастан, ұл балалар 12 жастан болып саналады.

– Оразаның дұрыс болу шарттары

– Оразаның дұрыс болуының шарттарына Рамазан айында таң атқаннан күн батқанға дейін су ішуден, тамақ ішуден және жыныстық қатынастан тыйылу жатады. Бірақ пайғамбарымыз (с.ғ.с) Өтірік айту мен жұртты алдауын қойма­ған адам­ның ішіп-жеуді до­ға­руына Алла зәру емес»

Оразаны қабыл болған оразалардың қатарына енуіне септігін тигізетін амалдарға бір-бірлеріне зиян келтірмеу, өтірік, ғайбат сөйлемеу жатады. Біреуді ұру былай тұрсын, адамға азар беретін сөздердің барлығынан аулақ болғаны дұрыс.

–  Ораза ұстаушыларға сүннет болған амалдар қандай?

  1. Бір жұтым су болса да сәресіде ішу. Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бір хадисінде: «Сәресіге тұрыңдар, сәресін жеуде берекет бар», – деген.
  2. Күн батқан кезде намаздан бұрын дереу ауызды ашу. Ауызды құрмамен, яки тәтті бір нәрсемен немесе сумен ашу – мұстахап. Намаздан бұрын ауызды ашып алу абзалырақ. Өйткені Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) аузын ашпай тұрып намаз оқымайтын. Ал тамақты намаздан кейін жеуге болады.
  3. Ауыз ашар кезде дұға жасау. Пайғамбарымыз бұл жайлы: «Ауыз ашар кезінде жасалған дұға кері қайтарылмайды», – деген. Ауыз ашар­да мы­на дұ­ға­ны оқу – сүн­нет: Оқылуы: «Аллаһум­мә лә­кә сум­ту уә би­кә әә­мән­ту уә ‛аләйкә тәуәк­кәл­ту уә ‛ала риз­қи­кә әф­тар­ту уә сау­мәл-ға­ди мин шәһ­ри Ра­ма­да­на нәуәйту, фәғ­фир­лии мәә қад­дам­ту уә мәә ах­хар­ту». Мағынасы: «Алла тағалам! Се­нің ра­зы­лы­ғың үшін ора­за ұс­та­дым. Бер­ген ри­зы­ғың­мен ау­зым­ды аш­тым. Са­ған иман етіп, са­ған тәуе­кел жа­са­дым. Ра­ма­зан айы­ның ер­тең­гі кү­ні­не де ауыз бе­кі­ту­ге ниет ет­тім. Сен ме­нің өт­кен жә­не ке­ле­шек кү­нә­ла­рым­ды ке­шір».
  4. Ораза ұстағандарға бір құрмамен немесе сумен болса да ауыз аштыру. Жағдайы көтерсе тамақ берген әрине абзал. Өйткені Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Аузы бе­рік жан­ды ауыза­шар­ға ша­қы­рып та­мақ бер­ген – ора­за ұс­та­ған адам­ның ала­ты­нын­дай сауап ала­ды. Аузы бе­рік адам­ның сауабы­нан да еш нәр­се ке­мі­мейді», – деген.
  5. Таң намазы кірмей тұрып жүніптік, хайыз бен нифастан тазарыну. Бұл жердегі мақсат – оразаға таза күйде бастау. Оның екінші себебі аузы берік кезде жуынған жағдайда ауызға су кетіп қалып, ораза бұзылуы мүмкін. Әйел адамның түнде хайыз бен нифас қаны тоқтап, жуынбастан ертеңгі күннің оразасына ниет етіп ораза ұстауға бастаса, оразасы жарамды. Сол секілді жүніп болған кісі жуынбай тұрып ораза ұстаса, ораза жарамды. Бірақ ораза бастамастан бұрын жуынып, тазарыну мұстахап болып табылады

  6. Тіл мен басқа ағзаларды күнәдан сақтау. Өсек-аяң, өтірік, ғайбат сөздерді айтпау. Негізінен, жайшылық кездердің өзінде мұсылман кісі мұндай жағымсыз істерден бойын аулақ ұстауы қажет. Ардақты Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Өтірік айту мен жұртты алдауын қойма­ған адам­ның ішіп-жеуді до­ға­руына Алла зәру емес»
  7. Ілім үйрену, Құран кәрім оқу, көп салауат айту, дұға оқу және құлшылықты арттыра түсу.
  8. Сәресі мен ауыз ашарда қомағайланбау. Ораза кезінде қомағайланып, тыңқиып тойып алмаған жақсы.
  9. Иғтикафқа кіру. (мешіттен шықпай құлшылық жасау)

–  Қандай жағдайда ораза бұзылады?

– Ораза әдейілеп тамақ, су ішіп қойған жағдайда бұзылады.

–  Қандай жағдайларда ораза ұстамауға рұқсат етіледі?

– Кімде-кім денсаулығы көтермейтін, науқас (созылмалы ауыру) және жолаушы болатын болса, сол кісілерге ораза ұстамауға рұқсат етіледі. Бұл туралы Құранда нақтырақ баяндалған. Аяғы ауыр, бала емізетін әйелдердің ораза ұстауы баласына зиян келетін болса, сүт шықпай қалған жағдайда ораза ұстамауына болады.

Хайыз (етеккір) бен нифас; (бір әйел ораза кезінде етеккір көрсе немесе босанса ораза бұзылады. Мұндай жағдайда тоқтаған соң қазасын өтейді).  

–Рамазан айының оразасын басында үш күн, ортасында үш күн және аяғында үш күн ұстауға бола ма?

– Рамазан айының оразасын басында үш күн, ортасында үш күн және аяғында үш күн ұстауға болмайды. Ораза толық 30- күн ұсталады.

–  Бір ай ораза үшін бір рет ниет ету жеткілікті ме? Әлде әр сәресінде ниет ету керек пе?

– Ораза дұрыс болуының басты шарты – ниет ету. Оразаға күн батқаннан бастап, таң атқанға дейінгі уақыттарда ниет ету абзал. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір хадисінде:   Кім оразаға түннен бастап ниет етпесе, оның оразасы жоқ» десе, тағы бір хадисінде «Кім оразаға таң атпай тұрып ниет етпесе, оның оразасы жоқ» деп, ораза ұстаушыға ниет етудің қаншалықты маңызды екенін ұқтырып, әрі түннен таң атқанға дейінгі уақыттарда ниет ету керектігін меңзейді.

–  Ұмытып ішіп-жеп қойғандардың оразасы бұзыла ма?

– Ұмытып ішіп-жеп қойған жағдайда оразасы бұзылмайды. Сахих хадистерде пайғамбарымыз ( с.ғ.с) : «Кімде-кім өзі ораза болып,ұмытып ішіп-жеп қоятын болса, оразасын толықтырсын. Себебі Алла тағала оларды тағамдандырды және оны сусындандырды», – деп айтқан.

–  Ораза кезінде душқа түсуге және моншаға шомылуға бола ма?

–  Ораза кезінде душқа түсуге, өзен-көлге, бассейнге және моншаға шомылуға болады. Алайда өзен-көлге шомылған адам сол суға сүңгіген кезде мұрны арқылы асқазанға су түсіп кетуі мүмкін. Немесе байқаусызда су жұтып қоюы мүмкін. Ораза екені есінде болып, бірақ байқамай су жұтып қойды. Ол кезде бір күнге, бір күн ораза тұтып беруі керек. Сондықтан ораза тұтқан адам ораза кезінде   ауыз ашып болғасын суға немесе моншаға түскені абзал.

– Ораза ұстаған адамға тіс пастасын пайдалануға рұқсат па?

–  Ораза ұстаған адамға тіс пастасын пайдалануға рұқсат. Бұл жайлы нақты хадис жоқ. Бірақ пайғамбарымыз (с.ғ.с) кезінде тіс пастасы мен тіс щеткасы болған жоқ. Бірақ мисуак (тіс күтіміне арналған табиғи, әрі пайдалы құрал) болған. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) мисуакпен тісін тазалап жүретін болған. Мисуак адамға ешқандай қуат бермейтін болғандықтан, ешқандай тиым салынбаған. Алайда тіс пастасын пайдаланғанда ауызды шайып жатып, байқаусызда асқазанға су кетіп қалуы мүмкін. Сондықтан тісіңізді ауыз бекітіп алғанға дейін және ауызашардан кейін тазалап алғаныңыз дұрыс болады.

–  Әйелдер көпшілік жерге баратын болса, бетіне опа-далап, крем жағады. Бұл оразаны бұзбай ма?

– Бұлардың барлығы оразаны бұзбайды. Және жалпы опа-далап, крем жағу асқазанға түспейтін болғаннан кейін, оның бетіне майларды жағу да оразаны бұзбайды. Сондықтан иіс су және басқа да бетті әрлегіш кремдерді пайдалануға болады.

– Ораза ұстауға шын мәнінде шамасы жетпейтіндер болады. Олар не істейді?

– Мысалы жасы үлкен кісілер қартайып қалдық. Бұдан кейін ораза ұстай алмаймыз. Бірақ оразаның сауабын алғымыз келеді деп ниет білдіріп жатады. Ораза ұстауға шамасы келмейтін кәрі ер мен әйелге ораза ұстамауға және оны өтемеуге рұқсат етілді, бірақ ұстамаған оразаның әрбір күні үшін бір кедейді тамақтандыруға (підия беруге) бұйырылды . Оның ақшасы азық-түліктің бағасына байланысты әр уақытта әр түрлі болады. Ол сол уақыттың бағасымен қаралады.

–  Ораза кезінде тіс жұлдыруға, емдетуге және екпе салдыруға рұқсат па?

– Ораза кезінде тіс жұлдыруға болады. Тіс емдету үшін жергілікті анестезия (жансыздандыру) уколын салдыру да сол үкімде. Тек, тіс емдету кезінде ішке қан, дәрі немесе судың кетіп қалмауын қадағалауы тиіс. Кетіп қалған жағдайда сол күннің қазасын ғана өтейді. Ибн Абидин: «Рамазан айында тіс жұлдырып, ішке қан кетсе, мейлі ұйқыда болса да, сол күннің қазасы міндет болады. Сондықтан да, зәрулік жағдай туындамаса, оразаның бұзылып кету қауіпі болғандықтан Рамазан айынан кейін тіс емдеткен жөн болады.
Екпе салдыру Негізінде шариғат бойынша кез келген нәрсе табиғи жолдар (ауыз, мұрын, тік ішек) арқылы ішке кірсе, оразаны бұзады. Ал дене арқылы кірсе, оразаны бұзбайды. 
Екпе (вакцина) – бактерия, вирус секілді микроорганизмдерден алынып, адам организміне жұқпалы аурулардан алдын ала сақтану және олардың иммундық қасиетін арттыру үшін егілетін препарат. Ол қажетті азық немесе организмге қуат беретін дәрумен емес. Сондықтан адам денесіне (тері астына, бұлшық етке, жамбасқа, көк тамырға) инемен екпе егу оразаны бұзбайды.  

Түйіндеме:Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының хабарлауынша, биыл Рамазан айы 30 күнге созылады. 11 наурыз алғашқы күні болса, 9 сәуір – соңғы күні. 10 сәуірде ораза айты басталады. Сәуірдің 5-сінен 6-сына қараған түні – Қадір түні. Биыл пітір мөлшері 640 теңге болып белгіленді. Пітір садақаның мөлшері Қазақстан бойынша 2 келі ұнның орташа бағасымен есептелді.                    

Ораза ниеті: Алла Тағаланың разылығы үшін таң атқаннан күн батқанға дейін Рамазан айының оразасын ұстауға ниет еттім.

Ауызашар дұғасы: Уа, Жаратқан Ием! Сенің разылығың үшін ораза ұстадым, Саған иман келтірдім, Саған тәуекел еттім, Сен берген ризықпен ауыз аштым. Уа, кешірімді Алла! Менің алдыңғы және соңғы күнә-кемшіліктерімді кешір!

–  Әңгімеңізге рахмет! Сұхбатты жүргізген Гүл Жамашқызы.

СҚО/// МҰҚТАЖ ОТБАСЫЛАРҒА ТЕГІН НАН ТАРАТЫЛАДЫ

Қазіргі таңда ҚМДБ-ның қолдауымен барлық өңірлерде «Уақып қоры» жұмыс істейді. Қордың мақсатының бірі мұқтаж жандарға материалдық көмек көрсету болып табылады.

«Өзін ғана ойлаған, Жамандықтың белгісі.

Өзгені де ойлаған, Адамдықтың белгісі» – демекші, асыл дініміз Ислам әрдайым өзгелерге көмектесуге, қамкөңіл жандардың қамын жеуге үндейді. Ғабит Мүсірепов ауданында Алла жолында дүние-мүлкінен уақып етіп жүрген жомарт жандар аз емес. Солардың бірі осы Рамазан айында  мұқтаж жандарға отыз күн бойы тегін нан таратуды қолға алыпты.  Алла кәсіптеріңізге береке беріп, адал табыс табуды нәсіп еткей!

Қызылжар орталық мешітінің баспасөз қызметі

СҚО/// АЛҒАШҚЫ АУЫЗАШАР БЕРІЛДІ

Соңғы жылдары қалыптаса бастаған дәстүрге сай биыл қасиетті рамазан айының алғашқы ауызашарын Қызылжар орталық мешіті берді.

Алла Тағаланың разылығы үшін таңнның атысы мен күннің батысы аралығында ішіп-жеуден, нәпсі қалауларынан тыйылып, сабыр мен шыдамын шыңдай түскен жамағат  пен арнайы шақырылған қонақтарға ақшам намазынан соң мешіт асханасында мүбәрак айдың берекелі дастарқаны жайылды.

Сауапты шара – ауызашарға жиналған жұртшылықты Рамазан айының басталуымен  облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ескендір Елеусізов, облыс әкімінің орынбасары Марат Тасмағамбетов құттықтады.

Рухани жиын басында облыстың бас имамы Хамзат Қажымұратұлы көпшілікке уағыз айтып, оразаның мән-маңызын түсіндіріп, ауызашар беру – сауабы мол амалдардың бірі екендігіне тоқталды.

          облыстық Қызылжар орталық мешітінің баспасөз қызметі

ИМАМ-МОЛДАЛАРҒА СЕРТИФИКАТ ТАБЫС ЕТІЛДІ

Солтүстік Қазақстан облысының мешіттеріндегі молдалардың діни сауаттарын арттырып, тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылған екі апталық оқыту семинары аяқталды.

Онда облыстағы мешіттердің молдалары жоғары білімді, тәжірибелі имам ұстаздардан «Құран оқу,Тәжуид ережелері», «Сира», «Ақида» бойынша  қажетті сабақтар алды. Солтүстік Қазақстан облысының бас имамы Хамзат Қажымұратұлы курсқа қатысушыларға сертификат табыс етті..

облыстық Қызылжар орталық мешітінің баспасөз қызметі

ОНЛАЙН ҚҰРАН САЙЫСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан құрылған Құран секторы мен Астана қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен ерлер мен әйелдер арасында онлайн Құран сайысы өтіп, жеңімпаздар марапатталды.

«Әзірет Сұлтан» мешітінде өткен марапаттау рәсімінде құлшылық ордасының бас имамы Ерболат Жүсіпов Рамазан Құран айы екенін, осы айда оқылған Құранның әрбір әрпі үшін мол сауап жазылатынын айта келе, жеңімпаздарды құттықтап өтті.

Келесі сөз кезегін алған ҚМДБ Құран секторының меңгерушісі, Республикалық бас мешіттің наиб имамы Серік Ахмет қатысушыларға ризашылығын білдіріп, алдағы уақытта осындай игі шаралар көптеп ұйымдастырылатынын айтты.

Жиын соңында қатысушылар марапатталып, бағалы сыйлықтар ұсынылды.

Жеңімпаздар:

Ерлер арасында:

1-Орын – Абдулла Сәкенұлы
2-Орын – Айдосұлы Жаслан
3-Орын – Жолдыбек Ербол

Әйелдер арасында:

1 орын – Арапбек Ғалия
2 орын – Богатырёва Раяна 
3 орын – Тұрғын Нұрайша

muftyat.kz

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ РАМАЗАН АЙЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақ елін күллі мұсылман қауымының сағына күтетін мерекесі Рамазан айымен құттықтады. Мемлекет басшысының құттықтауы Ақорданың ресми сайтында жарияланды.

«Қымбатты отандастар! Сіздерді Рамазан айының басталуымен құттықтаймын! Халқымыз үшін Қасиетті оразаның мән-маңызы айрықша.

Бұл – қоғамда имандылық, адалдық, жанашырлық, мейірімділік сияқты мызғымас құндылықтарға барынша мән берілетін кезең. Бүкіл мұсылман қауымының ынтымағы артып, бір-біріне бауырмалдығы айқын көрінетін мезгіл.

Ораза айы рухани тазаруға, мұқтаж жандарға көмек қолын созып, қайырымдылық жасауға үндейді. Сол арқылы барша адамзаттың береке-бірлігі нығая түсуіне ықпал етеді.

Дін мен дәстүр сабақтастығын берік ұстанатын ел татулығын, тұрақтылығы мен тыныштығын сақтап, кез келген сын-қатерден сүрінбей өте алады. Мен Қазақстан халқының әрдайым рухани үндестікте өмір сүріп, болашаққа нық қадам басатынына сенемін.

Ораза қабыл болсын! Баршаңызға зор денсаулық, амандық, толайым табыс тілеймін!» делінген Президент құттықтауында.

ҚАСИЕТТІ РАМАЗАН АЙЫ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ,

Қазақстан мұсылмандары діни

басқармасының төрағасы, Бас мүфти

 Аса қамқор, ерекше Мейірімді Алланың атымен бастаймын!

Құрметті мұсылман бауырлар, отандастар!

Баршамызды қасиетті Рамазан айына аман-есен жеткізген Алла Тағалаға сансыз шүкірлер болсын. Сіздерді берекелі Рамазан айының келуімен құттықтаймын!

Рамазан – он екі айдың сұлтаны, берекелі де кешірімі мол ай. Күнделікті тіршілік қамымен жүретін пенденің жүрегіне бұл айда иман нұры құйылады. Өйткені ораза адамды тақуалыққа тәрбиелейді. Сабырлық, қайырымдылық, мейірімділік, бауырмалдық секілді адамдық асыл қасиеттер артып, иман күшейеді. Рамазан – Алланың мейірімі төгіліп, жұмақтың есігі айқара ашылатын, иманды күшейтуге мүмкіндік берілген қасиетті ай. Бұл – Жаратушы Иеміздің ұлы сыйы әрі нығметі. Рамазанның қадірін жақсы түсінген сахабалар оразаға алты ай қалған сәттен бастап: «Раббымыз, бізді Рамазан айына аман-есен жеткізе гөр!» – деп дұға еткен.

Сауаптар еселеніп жазылатын айда жасалған қайырлы істің қайтарымы адам баласы үшін құпия-сыр. Тіпті ауыз бекіткен адамға берілетін сый мен сауап, құрмет пен марапат пайғамбарлар мен періштелерге де беймәлім. Құдси хадисте Алла Тағала: «Ораза – тек Мен үшін. Оның сыйын (сауабын) Өзім ғана беремін…» – деп, оразаның қадірі мен қасиетін, мәні мен маңызын баяндаған.

Демек шарапаты мен шапағаты мол айда сауап жинауға, ішкі дүниемізді тазартуға, Жаратушының разылығын алуға асыққан абзал. Пенденің осы айда ұстаған оразасы, Аллаға ұнамды барлық құлшылықтары, өзгелерге жасаған қайырымдылығы, сауапты амалдары еселеніп жазылады.

Ораза – күндіз тек ішіп-жеуден өзін шектеу деген сөз емес. Ораза – рухтың азығы, тәннің шипасы. Рамазан жан мен тәнді рухани тазартатын, мұсылман үшін үлкен сабыр мектебі. Аузы берік жандар өзіне дөрекілік көрсеткен кейбір кісілерге: «Мен оразамын», – деген бір ауыз сөзбен көркем мінездің керемет үлгісін көрсетеді. Нәпсісіне тоқтау салып, сабыр сақтайды. Ал сабыр иесіне берілетін сый – жәннат.

Денсаулығына байланысты немесе кәрілік жетіп ораза ұстауға шамасы жетпеген адамдар ауыз бекіткен кісілерге ауызашар берсе, ол да – үлкен сауап. Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Алла Тағала ең болмаса бір түйір құрма, тіпті бір ұрттам сумен болса да қамқорлық жасағанға сауап жазады…» – деген.

Мен осы ретте барша отандастарымды қасиетті айда жүзеге асатын қайырымдылық іс-шараларға үлес қосуға шақырамын. Кәсіпкерлерді әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасына жеңілдік жасауға үндеймін. Қоғамдық тамақтану орындарында ауызашар мәзірін халыққа ыңғайлы бағамен ұсыну да – сауапты істің бірі. Дүкендерде күллі жамандықтың бастауы болған арақ-шарап сатылмаса деген тілегімізді жеткіземіз. Сонымен қатар барша халықтың ортақ игілігі үшін салынып жатқан жол, көпір, мектеп, мешіт, медресе, балабақша, спорт кешені сынды маңызды ғимараттарға аз да болса үлес қосып, белсенділік танытуға шақырамын.  

Рақым айы – Рамазан құтты болсын! Қасиетті айда ұстаған оразамыз, жасаған дұға-тілектеріміз, құлшылық-ғибадаттарымыз, әрбір қайырлы амалдарымыз қабыл болғай! Алла Тағала отбасымызға амандық, жұмысымызға береке нәсіп еткей! Тәуелсіздігіміз тұғырлы, мемлекетіміздің мерейі әрқашан үстем болғай! Әмин!

muftyaf.kz

АУДАН ЖӘНЕ ҚАЛА ИМАМДАРЫМЕН ЖИНАЛЫС ӨТКІЗІЛДІ

ҚМДБ-ның Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілдігі, орталық «Қызылжар» мешітінде қала және аудан имамдарына арналған жиналыс өтті. Жиналысты облыстық бас имам Хамзат Қажымұратұлы жүргізді.
          Қала және аудан имамдарына арналған жиналыс барысында есепті кезеңде атқарылған шаралар мен алдағы жоспарлар талқыланды. Атап айтар болсақ, рамазан айына дайындық жұмыстары, уағызшылардың уағыз айту әдебі, шариғатпен пәтуадағы мәселелер, тәртіптік кеңес туралы мәселелер  нақтыланды
           Қала және аудан имамдарының жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз қарым-қатынас орнатып, ақпараттандыру жұмыстарына  мән беруі де сөз болды.

Қызылжар орталық мешітінің баспасөз қызметі

Return to Top ▲Return to Top ▲