ӨҢІРДІҢ БАС ИМАМЫ АЙЫРТАУ АУДАНЫНДА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БОЛДЫ

Өңірдің бас имамы Хамзат Қажымұратұлы жұмыс сапарымен Айыртау ауданына барып, бірқатар маңызды іс-шараларға қатысты. Алдымен, аудандық мешітте жамағатпен кездесіп, жұма уағызын жүргізді.

Содан кейін, өңірдің бас имамы Айыртау аудандық «Қайрош ата» мешітінің жаңа бас имамын таныстырды. Аудандық мешітке бас имам болып тағайындалған Шоқан Жаныс, бұған дейін 2015-2023 жылдар аралығында осы мешітте наиб имам қызметін атқарып келген.

Шоқан Жаныс – 2012-2015 жылдары Павлодар қаласындағы «Абу бәкір сыддық» медресесін тәмамдап, дін саласындағы білімін жетілдірген. Өңірдің бас имамы Хамзат Қажымұратұлы жаңа бас имам Шоқан Жанысқа қызметіне табыс тілеп, сенім білдірді.

Return to Top ▲Return to Top ▲