КҮЗЕТШІЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Солтүстік Қазақстан облыстық мамандандырылған Күзет басқармасының қызметкерлерімен «ТОЛЫҚ АДАМ» концепциясы  бойынша жиын өтті.

Оған «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Хамзат Қажымұратұлы қатысып, Абай ілімінің негізінде қолға алынған «Толық адам» концепциясының мән-мағынасын ашып көрсетті.  Қазіргі қоғам, уақыт, шындығы керек, адамдар арасындағы мейірбан­дық­тың азайып бара жатқан кезі болып көрінеді. Байлық, ақша билеген заманның қаншалықты қатыгезденіп бара жатқанын бүгінде көкірегінде сәулесі бар әр адам сезінеді. Әсіресе, күні кешеге дейін коммунистік идео­ло­гияның құрсауында болып, кенеттен мол байлықты иеленіп шыға келген қоғамның бір бөлігі қазіргі уақытта өздерін жер бетіндегі құдай санайды. Ал халықтың көп бөлігі тақыр кедейленіп барады. Қоғамдағы үлкен қайшылық та осыдан туындап жатуы мүмкін. Абайдың «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» қалдырған өсиеті бәрімізді мейрімділікке, бауырмалдыққа шақырады. Сол себепті Абайды оқу, оның ілімін өзіңнің ішкі жан дүниеңде қорыту, өмірде ұстанымға айналдыру –біздің басты парызымыз болмақ-деді.

Қызылжар орталық мешітінің баспасөз хатшысы

Return to Top ▲Return to Top ▲