Солтүстік Қазақстан облысы бойынша “Зекет және қайырымдылық” қорының өкілі Қасымхан Абдуллаұлы «Балабақша – мектеп-интернат» арнайы кешеніне арнайы барды.
Сапар барысында Қасымхан Абдуллаұлы балалармен тілдесіп, олардың қал-жағдайларын сұрап, тәттілер сыйлады. Сондай-ақ, бұл күні ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арнайы дастархан жайылды.
Тәрбиелік мәні зор кеш ұйымдастырған «Зекет және қайырымдылық» қорына кешен басшылығы мен балалар алғысын айтып, ризашылығын білдірді.