Қалалық «Нұр» мешіті

Қызылжар қалалық мешіті. Оны көпес Валид және оның ұлы Халид Янгузаровтар 1882 жылы күйген қызыл кірпіштен салған. Мешіт – 200 кісілік. 1917 жылға дейін мұнда Ғазиз Бегишев, сол жылғы қазан төңкерісінен кейін мешіт жабылғанша Мирараб Янгузаров сынды азаматтар имамдық еткен. 1938 жылы 27 ақпанда Петропавл қалалық кеңес төралқасы «мешітте қоғамның дұрыс жұмыс істемеуі, мешітте жөндеу жұмыстарын жүргізбеуі, жиылған алымның және салықтың уақытысында дұрыс төленбеуі себепті» деп ғибадатхананы жауып, «пионер үйі ретінде қабылдансын» деген қаулы шығарады. 1990 жылы ғана Алла тағала үйі қалалық депутаттар қаулысымен өз қызметін қайта жалғастырады.

Мешіт жанында Янгузаровтар тұрған екі қабатты үй бар. 1998 жылы қалалық әкімшіліктің 3 шілдедегі бұйрығымен ол да мешітке қайтарылып, діни сауат ашу курсы шәкірттеріне пайдалануға берілді.

 

Әбсаттар қажы ДЕРБІСӘЛІ,

«Қазақстанның мешіттері мен медреселері», «Аруна» баспасы, Алматы 2009ж, 243-244 бб.

 

Жәпішев Әбілхан Балтаұлы

(мешіттің бас имам)

 

1981ж. Наурыз айының 11-жұлдызында Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, қазіргі Қ.И.Сәтбаев ауылдық округі,  Теңдік ауылында дүниеге келді.

1987ж. Қыркүйек. Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Теңдік ауылындағы Қ.И. Сәтбаев атындағы қазақ орта мектебінің алты жасарларға арналған сынып табалдырғын аттады.

1998ж. Мамыр. Қ.И.Сәтбаев атындағы қазақ орта мектебін үздік бітірді.

1998-2000ж.ж. Маусым. Алматы қаласындағы екі жылдық имамдар даярлайтын «Ислам университетіне» түсіп, өте жақсы көрсеткішпен тәмамдады.

2000ж. Шілде. ҚМДБ жолдамасымен Павлодар қаласының орталық мешітіне діни қызметкер болып қабылданады.

2000ж. Қыркүйек. Өкіл имам ұсынысымен Павлодар қаласындағы «Ғазиз» мешітіне наиб имам болып ауысып, бір жыл қызмет атқарады.  Мұнымен қоса, Павлодар қаласы, «Усолка» ықшам ауданындағы №42 М.Әуезов атындағы қазақ орта мектебінде «Ислам әдебі» атты қосымша сабақтан жоғары сыныптарға дәріс берді.

2001-2005ж.ж. Маусым. Алматы қаласындағы Бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлі хазіреттің бастамасымен ашылған Республикадағы имамдар даярлайтын тұңғыш діни жоғары оқу орны «Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университетінде» студент.

2005ж. Шілде. Аталмыш оқу орнын «Исламтанушы, имам хатиб және араб тілінің оқытушысы» мамандығы бойынша Мемлекеттік үлгідегі бакалавр дипломын алып шықты.

2005ж. Тамыз. Бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлі хазреттің бұйрығымен Павлодар облысы, Ақсу қалалық мешітінің наиб имамы қызметіне келеді.

2006ж. Қаңтар. ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша өкіл имамының ұсынысымен Павлодар облыстық «Мәшһүр Жүсіп» орталық мешітіне наиб имам болып ауысады.

2007ж. Қаңтар. ҚМДБ-ның қазіргі аппарат басшысы және уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Қ.Жолдыбайұлының ұсынысымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «діни істер және уағыз-насихат бөліміне» маман болып қабылданды.

2007ж. Желтоқсан. Қажылық парызын атқарып келді.

2009ж. Қаңтар. Алматы қаласы, Бостандық ауданында орналасқан «Орбита» мешітіне наиб имам болып ауысты.

2009ж. 12 Ақпан. ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлі хазіреттің бұйрығымен Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Екібастұз қалалық мешітіне Бас имам болып тағайындалды.

2011ж. 5 сәуір. ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлі хазіреттің №170 бұйрығымен СҚО, Петропавл қаласы, «Қызылжар» қалалық мешітіне бас имам болып қызмет ауыстырады.

Қазіргі уақытта аталмыш мешітте Бас имам қызметін жалғастыруда. Үйленген.

Return to Top ▲Return to Top ▲