Мәйiттi шығару мен жерлеуге апару үкімі

بِسْمِ اللهِ الرَّحْمَنِ الرَّحِيمِ
اَلْحَمْدُ للهِ رَبِّ الْعَالَمِينَ وَالصَّلاَةُ وَالسَّلاَمُ عَلَى سَيِّدِنَا مُحَمَّدٍ وَعَلَى آلِهِ وَأَصْحَابِهِ أَجْمَعِينَ وَأَمَّا بَعْدُ
Аса мейірімді, рахымды Алланың атымен.
Барлық мадақ әлемдердің Раббысы Аллаға тән. Адамзаттың асылы Мұхаммедке, оның отбасы мен сахабаларына салауат пен сәлем болғай!

Мәйiттi жуу, кебіндеу және жаназасын шығару сияқты, марқұмды жерлеуге апару да парыз кифая.
Нәрестенi немесе одан үлкен баланы ер кiсi қолына алып, қабiрстанға көтеріп апарады. Баланы түсiрiп алмау үшiн басқалардың демеп жүруіне болады. Баланы ат үстiнде отырып та апаруға болады.
Үлкен кісіні ат үстінде т.б. көтеріп апару мәкрүһ. Бірақ үзірлі (себепті) жағдайда рұқсат етіледі. Мәйiттi жерлеуге апара жатқанда мәйіт табытта қатты селкілдемейтіндей орташа жылдамдықпен жүру мұстахаб.
Әйел табытының үстіне мата не сол секілді т.б. нәрсемен жауып қою сүннәт. Мәйіт үстін жерлеп біткенше мата яки т.б. нәрсемен көлегейлеп тұру ләзім.

Return to Top ▲Return to Top ▲