Бiр қабiрге бiрнеше кiсiнi бiрге жерлеу үкiмі

بِسْمِ اللهِ الرَّحْمَنِ الرَّحِيمِ
اَلْحَمْدُ للهِ رَبِّ الْعَالَمِينَ وَالصَّلاَةُ وَالسَّلاَمُ عَلَى سَيِّدِنَا مُحَمَّدٍ وَعَلَى آلِهِ وَأَصْحَابِهِ أَجْمَعِينَ وَأَمَّا بَعْدُ
Аса мейірімді, рахымды Алланың атымен.
Барлық мадақ әлемдердің Раббысы Аллаға тән. Адамзаттың асылы Мұхаммедке, оның отбасы мен сахабаларына салауат пен сәлем болғай!

Бiр қабiрге үзiрсiз (себепсіз) бiрнеше мәйiттi жерлеу – мәкрүһ. Оба (тырысқақ) ауруы тарағанда немесе соғыс кезiнде қабiр қазып үлгермесе, бiр жерге бiрнеше мәйiттi қоюға болады.
Ас-Сарахсидің (р.а.) «әл-Мухит» атты кітабында аса мұқтаж болғанда ғана бір қабірге екі-үш адамды жерлеуге болатыны жайлы айтылады. Қабiрге бiрнеше адам қойылатын болса, олардың абзалырағы бiрiншi жатқызылады, содан кейiн басқалары қойылады.
Егер үлкендермен бiрге жастар да жерленетін болса, онда үлкендер алдымен қойылады. Егер ер-әйел аралас болса, онда ерлер бiрiншi қойылады. Мәйiттер арасын топырақпен бөліп қою қажет.

Return to Top ▲Return to Top ▲