Жаназа намазының шарттары

بِسْمِ اللهِ الرَّحْمَنِ الرَّحِيمِ
اَلْحَمْدُ للهِ رَبِّ الْعَالَمِينَ وَالصَّلاَةُ وَالسَّلاَمُ عَلَى سَيِّدِنَا مُحَمَّدٍ وَعَلَى آلِهِ وَأَصْحَابِهِ أَجْمَعِينَ وَأَمَّا بَعْدُ
Аса мейірімді, рахымды Алланың атымен.
Барлық мадақ әлемдердің Раббысы Аллаға тән. Адамзаттың асылы Мұхаммедке, оның отбасы мен сахабаларына салауат пен сәлем болғай!

1. Мәйiт мұсылман болу керек. Мұсылман емес кісіге жаназа оқылмайды. Себебі Алла Тағала Құран Кәрімде: «Олардың біреуі өлсе. Сен оған, мүлдем жаназа шығарма»,-деген. («Тәубе» сүресі, 84-аят).
2. Намазға мәйiттің бар болуы шарт, жоқ мәйiтке жаназа оқылмайды.
3. Мәйiт жуылмай немесе су жоқ жағдайда тайаммум жасалмай жаназа оқылмайды.
4. Мәйiт қауымның алдында болуы қажет. Мәйіт қауымның артында болса жаназа намазы дұрыс болмайды.
5. Жаназа намазын оқитын кезде мәйiт көлік үстiнде, адамдардың қолдарында немесе иықтарында болмауы керек.
Жаназа намазын оқушының тиісті 4 шарты бар: 1) Ниет ету; 2) Дәретті болуы; 3) Қыблаға қарау; 4) Әуретінің жабық болуы;

Return to Top ▲Return to Top ▲