Жаназа намазының сипаты

بِسْمِ اللهِ الرَّحْمَنِ الرَّحِيمِ
اَلْحَمْدُ للهِ رَبِّ الْعَالَمِينَ وَالصَّلاَةُ وَالسَّلاَمُ عَلَى سَيِّدِنَا مُحَمَّدٍ وَعَلَى آلِهِ وَأَصْحَابِهِ أَجْمَعِينَ وَأَمَّا بَعْدُ
Аса мейірімді, рахымды Алланың атымен.
Барлық мадақ әлемдердің Раббысы Аллаға тән. Адамзаттың асылы Мұхаммедке, оның отбасы мен сахабаларына салауат пен сәлем болғай!

Жаназа намазында – имам мәйiттiң кеуде тұсында тұрады. Жаназа намазының парызын өтеуге ниет етедi. Имам “Аллоһу Әкбар” деп құлақ қағып, қолын байлап “сәна” дұғасын оқиды. Одан кейін де қол көтермей 2-шi рет “Аллоһу Әкбар” деп Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) салауат оқиды. Осыдан кейiн 3-шi рет қол көтермей “Аллоһу Әкбар” деп жаназа дұғасын оқиды. 4-шi рет қолдарын көтермей “Аллоһу Әкбар” деп тәкбір айтқаннан кейін 2 жағына сәлем бередi. Қол сәлем бергеннен кейін ғана түсіріледі. Имам тәкбірлерден басқасын iштей оқиды.

Return to Top ▲Return to Top ▲