Мәйiтті кебiндеу үкімі

بِسْمِ اللهِ الرَّحْمَنِ الرَّحِيمِ
اَلْحَمْدُ للهِ رَبِّ الْعَالَمِينَ وَالصَّلاَةُ وَالسَّلاَمُ عَلَى سَيِّدِنَا مُحَمَّدٍ وَعَلَى آلِهِ وَأَصْحَابِهِ أَجْمَعِينَ وَأَمَّا بَعْدُ
Аса мейірімді, рахымды Алланың атымен.
Барлық мадақ әлемдердің Раббысы Аллаға тән. Адамзаттың асылы Мұхаммедке, оның отбасы мен сахабаларына салауат пен сәлем болғай!

Ер адамды кебіндеу үшін алдымен лифафа, кейiн изар төселедi. Оның үстіне көйлектің бір жағы төселеді де үстіне мәйіт жатқызылып көйлектің екінші жағы кигізіледі.
Ал әйелдерге, лифафа жайып, үстiне изар төсейдi, оның үстiне мәйiттi жатқызып, қамис (көйлек) кигiзедi. Әйелдiң шашын екiге бөлiп, оны көйлегінің сыртынан кеудесіне қойып, басын және екі бөлек шашын химармен (орамал) қымтап, көкірегін кеудешемен байлайды. Осылар орындалған соң алдымен изар, одан кейін лифафаға орап, мәйiт бас пен аяқ жағынан және ортасынан буылады.

Return to Top ▲Return to Top ▲